Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда он мың адам сусыз қалды

Алматыда он мың адам сусыз қалды

Алматыдағы көшкін жүрген аудандар енді сусыз отыр. Кешегі төтенше жағдайдан кейін 10 мың тұрғын тіршілік нәрінен қағылған. Ол аздай, нөсерлі жауын жауып, алматылықтар тағы әбігерге түсті. Үйлер мен жолдар су астында қалды. Мегаполистегі құбылған ауа райының зардабы туралы Абай Сейфулланың материалы.

Алматыны ауа райы: "бір айналдырса, шыр айналдыратынының" керін келтірді. Таудан аққан селдің беті қайтқаннан кейін, түнде күшті нөсер болды. Әсерінен бірнеше аудандағы үйлер су астында қалды. Жолдардың өзенге айналуының арты, көлік апаттарына соқтырды. Қаладағы жайсыздық көріністерімен тұрғындар әлеуметтік желіде бөлісті. 

- Море волнуется раз, море волнуется два. Куда смотрит акимат города Алматы? Смотрите, что творится - Ташкенская - Момышулы. 

Ал, Наурызбай ауданы селден соң сусыз қалды. Марыпжан Сейтиев ауызсуды көрші елдімекендерден тазуға мәжбүр. 

Марыпжан СЕЙТИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Поливомоечная машина» келіп тұрады деді. Міне менің мәшинем тұр. Ішінде 20-30 баклажка жатыр. Мешіттің жанына барсам, камаз тұр су жоқ дейді. Мектептің алдына келсем 20-30 адам баклажкаларымен тұр, мәшине жоқ.

Тұрғындардың сусырап әлі біраз жүретін түрі бар. Әкімдік өкілдері жағдай бірнеше аптадан кейін ғана реттеледі дейді. Себебі кешегі селден судың лайлану мөлшері нормадан асып кеткен. Толық тазарғанша ішуге болмайды деп ескертіпті. 

Жандос ТӘКІБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Біз елге былғанған суды бере алмаймыз. Өкінішке қарай, суды тоқтатып қойдық. Енді оны әзірге арнайы техникамен әкеліп тұрамыз. 

Дәл осындай жағдай ауданда төрт жыл бұрын да болған. Селден кейін ауыз суға жұрт екі аптадан соң қосылған еді. Қарғалы өзенімен жиырма мың куб лайланған су құлап, жүздеген үйге зақым келіп еді. Биылғысы да одан кем түспей тұр. Тұрғындар апат зардабынан қаланың бұрынғы басшылығы жүргізген жұмыстар арқасында аман қалдық дейді. 

Қайрат НҰРЫМБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол сел өткеннен кейін Үкімет жақсы жұмыс істеді. Өзендердің бәрін жөндеді жақсылап тұрып. Мен ойлаймын, кешегі селде де солардың ертерек ойлап, ертерек бәрін дайындағанынан апатсыз кетті. 

Апат салдарымен қала билігі екі жыл арпалысқан. Өзен арнасын толық қайта жөндеген. Экологтар да төтенше жағдайдың алдын алуға сол септігін тигізді деп отыр. 

Айжан ЫСҚАҚОВА, ЭКОЛОГ:

Техникалық, инженерлік жұмыстан бөлек ауданға ағаштар отырғызылды. Сол ағаштар су ағынының таралуына әсерін тигізеді. Селге дайын болдық. Сондықтан ел аман, қираған үйлер жоқ. 

Алмас ҚҰРМАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАС МАМАНЫ:

Сел 2015 жылы жүргеннен кейін қала әкімдігінің шешімімен Қарғалы өзені плотинадан төмен қарай Жандосов көшесіне дейін бетонмен толықтай беріктендіріп, кеңейтуге шешім қабылданып, сол жұмыстар атқарылған болатын. Нәтижесі - кешегі селді өзінің бойынан асырмай, аман-есен өткізіп жіберуге септігін тигізді. 

Қазір төтенше жағдайға үш эвакуциялық пункт дайын тұр. Оның бірі 158 мектепте. Түнейтін орындар бар, су әкелінген. Бірақ екі күннен бері ешкім көмек сұрап келмепті. Төтенше жағдай өкілдері алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. 

А. Сейфулла