Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дәрігерлерге шабуылдаған мас адам 2 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
21.08.2019ж. 20:00
2027
Дәрігерлерге шабуылдаған мас адам 2 жылға сотталуы мүмкін

Жол жиегінде жатқан адамға көмек көрсетпек болған елордалық дәрігерлер, соққының астында қалды. Оқыс жағдай таңға жуық болған. Жедел-жәрдем қызметкерлері қан-жоса болып, сұлық жатқан адамға алғашқы көмек көрсетпек болып тоқтаған. Алайда ащы суға тойып алған науқас бригадаға қоқан-лоқы көрсетеді.

Күнзипа СМАИЛОВА, №10 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ТӘУЛІКТІК ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Фельдшерлер дереу жетіп қараса, ер адам қан-жоса болып жатыр, бірақ есі бар. Бригада көмек көрсете отырып, бірден 102 мен 103-ке хабар берген. Сонда жаралы жігіт оларды бас салып, ұра жөнелді.

Абырой болғанда полиция қызметкерлері жақын маңнан табылып, бұзақыны тұтқындап үлгереді. 28 жастағы науқас бұрын сотты болмағаны белгілі болды. Ол көлік жөндеу саласында жұмыс істейді, деді құзырлы орган мамандары. Енді оған қомақты айыппұл салынуы мүмкін. 

София ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар осы инцидентке қатысы бар барлық фигуранттардан да жауап алынып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен қаралатын бұл жазаның санкциясы 2000 АЕК айыппұл төлеуі мүмкін немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Д. Қайыртай