Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Медициналық қалдықтарды жоюшылар экологияны бұзуда

AstanaTV
21.08.2019ж. 20:00
3117
Медициналық қалдықтарды жоюшылар экологияны бұзуда

Шымкентте медициналық қалдықтар талапқа сай жойылмай келген. Көрінген жерде өртеп, қоршаған ортаны ластағандарды экологтар әшкере етті. Ортақ талаптарды бірнеше қайтара бұзғандарды мамандар өздері де ұстап алған. Айзада Төребекқызы баяндайды. 

Бұл - Бадам өзені маңындағы өндіріс аумағы. Қолданылған медициналық қалдықтарды тау қылып үйіп, өртемек болғандар қылмыс үстінде ұсталған. Оқиға орнына сол сәтте полицейлер мен төтеншеліктер де шақыртылыпты. Қоршаған ортаны ластау дерегін экологтар бір емес үш рет әшкерелеген..  

Серік САРБАСОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Ол жерде нарушение анықталды. Тексерудің негізінде «Эколайф Астана» ЖШС-на қатысты үш әкімшілік іс әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Медициналық қалдықтар мен биоматериалдарды жоюды «Эколайф Астана» серіктестігі мойнына алған. Олар талапқа сай қалдықтарды арнайы пеште өртеуі тиіс. Экологтардың мәлімдеуінше, мекеменің мұндай жауапсыздығы бұдан бұрын да анықталыпты. Алғашқы тексеру негізінде айыппұл да салынған. Біз жауапты мекемеге хабарласып көрдік. Алайда басшылықпен тілдесудің сәті түспеді.  

- Сейчас руководства на месте нет. Они выехали на объект.  

- Может Вы подскажете контакты Вашего руководства?

- Нет. Я здесь просто менеджер. А они сейчас ответить не могут.

Қазіргі таңда экологтардың талап арызы сотта қаралуда. Дегенмен, аталған серіктестіктің өзі сайтында барлық талаптардың сақталатынын көрсеткен. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір осы фактілерге қатысты полиция қылмыстық кодекстің 250 бабымен тергеп жатқаны белгілі болды. Ал экологтар аталған мекеменің қоршаған ортаға соңғы екі дерек бойынша келтірген залалының мөлшерін атамады. Белгілісі 60 айлық есептік көрсеткіш негізінде яғни 151 500 теңге айыппұл көзделген.

А. Төребекқызы