Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда «аз қамтылған» отбасының отағасы баласына арналған қайырымдылық көмекті алуға соңғы маркалы Lexus көлігімен келген

AstanaTV
28.08.2019ж. 20:00
2192
Павлодарда «аз қамтылған» отбасының отағасы баласына арналған қайырымдылық көмекті алуға соңғы маркалы Lexus көлігімен келген

Павлодарда «аз қамтылған» отбасының отағасы баласына арналған қайырымдылық көмекті алуға Lexus көлігінің соңғы үлгісімен келген. Бұны «Мейірімділер клубы» қоғамдық қорының еріктілері көріп, видеоға түсіріп алған. Бұл туралы өздерінің инстаграм парақшасында жариялады.

Бейнежазбада ер адам қолындағы затты бағалы темір тұлпарының артқы салонына лақтыра салып, жылдам көлікке отырып жатқан сәті анық көрінеді. Еріктілердің жазбасына қарағанда отағасы қоғамдық қор мүшелеріне хабарласып, баласына мектепке қажетті кеңсе тауарларын алуға көмек сұраған екен. Анықтама бойынша отбасы көп балалы және аз қамтылған жанұялар тізімінде деп көрсетілген. Ата-анасы 56 мың теңге жалақы алады делінген дейді, еріктілер. Кейінен қор өкілдері оның жеке меншік үйде тұратынын және қымбат маркалы Lexus көлігімен жүретінін анықтаған. Бұған дейін облыс әкімі Павлодар қаласында атаулы әлеуметтік көмек алып келген 5 отбасының коттедже тұратынын, олардың көліктері де бар екенін мәлімдеген еді. 

Ө. Қуанар