$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мұнайшылар жалақыларын көтеруді талап етіп отыр

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2847
Мұнайшылар жалақыларын көтеруді талап етіп отыр

Маңғыстаулық мұнайшылар еңбекақыларын 65 пайызға көтеруді талап етіп отыр. «М-Техсервис» компаниясы жұмысшыларының ереуілі өткен аптадан бері жалғасып келеді.  Мәселе әлі шешілер емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, қазір компанияның Алматыдағы бас офисінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біржан Нұрымбетовтың сөзіне сенсек, «М-Техсервис» қызметкерлерінің орташа жалақысы 275 мыңның айналасында. Бұл сомаға көңілі толмаған 200 шақты жұмысшы бас көтерген.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Елімізде Бас прокуратура мен біздің Еңбек инспекциялары 63 мекемеде тексеру жүргізіп жатыр. Оның 38-де тексеру аяқталды. Өкінішке орай соның 19-да 161 факт осындай қазақстандық пен шетелдік азаматтардың арасындағы жалақы айырмашылығы айқындалып отыр.

Министр еңбек жанжалдары көбінесе Маңғыстау облысынан шығатынын айтты. Елде соңғы жарты жылда 65 дау шықса, оның 90 пайызы осы өңірде болған.

Д. Қайыртай