Негізгі / Жаңалықтар / Елордада 6 баласы бар әйел лашықта тұрып жатыр

Елордада 6 баласы бар әйел лашықта тұрып жатыр

Елордада 6 баласы бар әйел лашықта тұрып жатыр. 7 жан паналап отырған бөлме құлағалы тұр. Оның өзін 50 мыңға жалдайды. Өлместің күнін кешіп отырған отбасының жағдайын біздің тілшіміз біліп келді. 

Салтанат елордаға 6 жыл бұрын көшіп келген. Алты баланың анасы бұған дейін жертөлені паналап келіпті. Жолдасының қайтыс болғанына бір жыл да болмаған. Үлкен баласы колледжде оқиды, кішісі 6 айлық. Қазір мына сарайды 50 мыңға жалға алып отыр. Тар бөлмеде пеш болғанымен, жағуға жарамсыз.

Салтанат МОЛДАБЕКОВА, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА :

Мына тұрып жатқан жеріменің де жертөледен айырмашылығы жоқ. + Қазірде мынау соңғы срок, сентябрьге дейін ғана. Бұны да маған бір спонсор тауып берген. + Үй болмаса все равно біздің көңіліміз жай емес. Қаңғырып жүрміз данный момент. Сол үй болса. Маған ойбай алда-жалда бір үй бер демеймін. Хотья бы жалдап тұратын, 6 баламмен сиятын үй керек.

Сыз тартқан тар бөлменің қабырғасы опырылуға шақ тұр. Лашықты жалға беріп отырған иесі осыған алаңдайды.

Алтын БЕКМАҒАНБЕТҚЫЗЫ, ПӘТЕР ИЕСІ :

Енді көмек беру керек қой бұл келіншекке. Баспана беру керек қой. Енді алты баламен қыс келе жатыр қайда барады, алты баламенен!?

Биылдан бастап көп балалы аналар тезірек үй алу үшін тұрғын үй заңнамасына түзету енгізілді. Ол бойынша бірнеше тиімді бағдарламалар іске қосылды. Осы салаға жауапты маман Салтанат бұлардың ешқайсысынан хабарсыз екенін айтты.

Дидар САУҚЫМБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ЕСЕПКЕ ҚОЮ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ :

Нұр-Сұлтан қаласының азаматшасы Молдабекова Салтанат Жақсыбаевна, ол 2019 жылдың 13 маусымынан тұрғын үй кезегінде тұр, көпбалалы аналар санаты бойынша. Қазіргі уақытта ол кісінің очерді яғни кезегі 3486 болып тұр.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ : 

Жауапты мекеме қызметкерлері жалғызбасты анаға уақытша тұрақ болатын баспана мәселесін қарастыруды қолға аламыз деп сендірді. Одан бөлек, тұрғын үй кезегін жеделдету үшін "Бақытты отбасы" бағдарламасының 2-ші кезеңіне тіркелу керек дейді.

А. Данияр