Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістанда өрт болып, бірнеше адамды күйік шалды

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2284
Түркістанда өрт болып, бірнеше адамды күйік шалды

Шұғыл ақпарат. Түркістан қаласында өрт болып, бірнеше адамды күйік шалған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Полицейлер өрт шыққан аумақты қоршаған. Айзада Төребекқызы телефон арқылы байланыста. Айзада, қандай ақпарат бар?

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ия, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тілсіз жау Газ цистернасының жарылуынан болған. Алдын ала берілген міндеттерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Тілсіз жау 1400 шаршы метрді шарпыған. Өрт Royal Grand" қонақ үйіне тараған. Күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізіліпті. Олардың жағдайлары туралы ақпарат әзірге жарияланбай отыр. Оксана, қолда бар ақпарат осындай.