Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысында оқушылар мектепте белгісіз заттан уланған

AstanaTV
13.09.2019ж. 20:00
5540
Түркістан облысында оқушылар мектепте белгісіз заттан уланған

Оқушылар неден уланды? Түркістан облысындағы Төлеби ауданында сабаққа келген балалар ауруханадан бір ақ шықты. Леңгір қаласындағы №7 мектеп-лицейінде 36 адам- дәрігерлік көмекке жүгінген. Алдын ала болжам бойынша олар белгісіз заттан уланған. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Келеңсіз жағдай мектептің осы төменгі қабатында болған. Бұл кезде бірінші ауысымның оқушылары үлкен үзілісте жүрген екен. Мектеп басшысының айтуынша, 10-сыныпта оқитын қыз бала белгісіз затты өзіне сеуіп көрмек болыпты.

Алғашында иіс байқалмағанмен арада 5-10 минут өскенде оқушылар шетінен жөтеле бастапты. Артынша жағымсыз иістен есік-терезелерді ашып, адамдар эвакуация жасалған. Бұл кезде мұғалімдерден бөлек жеті жүзден астам оқушы мектепте болыпты.  

Жамбыл ОРЫНБАЕВ, № 7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Иісі әдемі бір зат деп ойлаған ғой.

- Тауып алдым дейді ма точно?

- Иә, жолдан тауып алдым деп жауап берді. Сабаққа келе жатқан кезде көшеден тауып алдым.

- Мен қолыма ұстап көрген жоқпын. Мимолетно байқадым, қара флакон кішкентай.

- Неге ұқсайды екен, газ баллончикке ұқсайды ма? -мен газовый баллончикті өз басым көрген емес екенмін.

Жайсыз жағдай кеше бірінші ауысым кезінде болған. Лицей директоры сабақ үстінде 26 оқушы мен төрт ересек қызметкерінің ауруханаға жеткізілгенін айтты. Оның екеуі мұғалім. Ал бүгін Леңгір қалалық ауруханасындағылар белгісіз заттан уланғандардың ұзын саны -36 адам екенін хабарлады. Екі оқушы кеше кешкісін үйлерінен әкелініпті. Қазір 11 бала дәрігерлердің бақылауында.  

Гүлжазира АМЕРКУЛОВА, ЛЕҢГІР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАЛАЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Келген кездегі шағымдары бастары ауырып келді. Бас айналды, құсты. Көңілдері айнып, тамағы ашып, бір иісті сезгендей болып келген. Үш сағат бақылауда болып, жағдайының жақсысының бәрі үйге қайтарылды. Бізде қазір балалар бөлімінде жатқан 11 науқас балаларымыздың жағдайы қанағаттанарлық.

Аталған жәйт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер болған жайттың толық мән-жайын анықтау үстінде. Ал осы жағдай сабақ болған мектеп басшылығы оқушы сөмкесінде жүретін заттарға қадағалауды күшейтпек.  

А. Төребекқызы