Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Экстремизм, терроризм мәселесі мен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері әлі де күн тәртібінен түскен жоқ,- Д.Назарбаева

AstanaTV
18.09.2019ж. 20:00
4227
Экстремизм, терроризм мәселесі мен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері әлі де күн тәртібінен түскен жоқ,- Д.Назарбаева

Қырғиқабақ қақтығыстар кесірінен босып кеткен халыққа әлі де қолдау қажет. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы отырысында Мұхаммед Мехди Тасхири осылай деді. Иран Ислам Республикасы дінаралық диалог орталығының басшысы съез жанынан тұрақты комиссия құруды ұсынған. Ол алдағы VII съезде қоршаған ортаны қорғауға да басымдық берілгенін құптайды. 

Мұхаммед Мехди Тасхири, ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ:

Қазір көптеген елде адамдар құқықтарының бұзылып жатқанын білеміз. Ондаған, тіпті жүздеген соғыс ошақтары пайда болды. Сондықтан бұл съездің маңызы зор. Біз қараған сұрақтардың салмағы ауыр. Жиын қайшылық ошақтарын міндетті түрде төмендетуге өз септігін тигізеді.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі адамзат бүкіл әлемді толық жайлап алған конфессияаралық сенімнің дағдарысын бастан кешкен кезеңде өтті. Өкінішке қарай, экстремизм, терроризм мәселесі мен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері әлі де күн тәртібінен түскен жоқ.

Енді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы мүшелеріне «Ерікті елші» атағы берілуі мүмкін. Мұны отырыста Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Марат Әзілханов жеткізді. Жұмыс тобы съез гимнін жазуды да ұсынып отыр. Ал VII съез 2021 жылдың 15-16 маусымында өтпек. Басқосуда қаралатын басты тақырып келер жылы өтетін жиында анықталады.

А. Бектас