Негізгі / Жаңалықтар / Шымкенттегі пәтерін өртенген 45 отбасыға тегін пәтер беріледі

Шымкенттегі пәтерін өртенген 45 отбасыға тегін пәтер беріледі

Шымкенттегі баспанасыз қалған 45 отбасы келесі жылдың күзінде су жаңа пәтерге кіретін болады. Құрылыс жұмыстары алдағы қарашада басталмақ. Бұдан бөлек коммуналдық мәселесі шаш етектен - "Азат" шағын ауданы тұрғындарының да өзекті мәселесі шешілер күн жақын. "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент пен Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында елдің көңілін алаң қылған мәселелерді тындады. 

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарын баспанасы күлге айналған 45 отбасымен кездесуден бастады. Көп пәтерлі ескі үй биыл маусым айында жанып кеткен болатын. Олардың бұл мәселесімен партия өкілі әлеуметтік желіде танысыпты. Енді оларға арнап жаңа көп қабатты үй салу жоспарланып отыр.   

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Құдайға шүкір, ешкім қайтыс болған жоқ, ол да тәуба. Сосын ескі үйлер ғой, бір жағынан енді ол бағдарлама болады ескі үйлерді сырып тастау, жаңа үйлерді салу, солай боп қалды ғой. 36 жылы салынған. 37-ші жылы қорғасын зауытының жатақханасы болған.

- Жағдай бәрін жасау керек. Партияның бақылауына қою керек.

Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі қолға алынды. Зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйден пәтер тегін берілмек. Баспанасыз қалған Сафура Батырбек бұл жаңалықты естіп, ризашылығын білдірді.  

Сафура БАТЫРБЕК,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

«Nur Otan» арқасында халық та жақсы көркейіп жатыр. Шын мәнінде бізде осы жерде үйіміз салынады, салынбайды деп алаңдаушылық болды. Өйткені үйімізді сырып тастағасын біздер шын мәнінде қатты қорықтық, бала-шағамызбен қайда барамыз

Ал "Азат" шағын ауданы тұрғындары ауыз су, жарық пен газдың мәселесін шеше алмай келеді. Мұнда жол, мектеп атымен жоқ. Айтуларынша жағдайы бары жеке кәсіпкерлерден көгілдір отын мен ішер суын кіргізіп алған. Ал ондай мүмкіндікке көпшілігің қалтасы көтермейді.  

Гүлнұр САРТБАЕВА, "АЗАТ" ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Суды тасып ішіп жатырмыз. Ана жерде тұрамында, менен әрі қарай вообще су жоқ. Газ кейбір үйлерде газ да жоқ. Бала-шағам болса суды тасып, уже қызымның алды бүйрегім ауырып жатыр деп жатыр.

"Азат" шағын ауданының проблемасына қаныққан Бауыржан Байбек, ауданның инфрақұрылымын дамытуға мемлекет көңіл бөліп отырғанын айтты. Аудан әкіміне де бұл мәселені басты назарға алу керек деді. Мұнан соң Бауыржан Байбек қаладағы партия активімен кездесті. Ол өз сөзінде партия беделін арттыру, сайлаушылардың сенімін ақтау үшін аянбай тер төгіге шақырды.   

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің жұмысымызға көп нәрсе байланысты. Біз қазір нақты проблемаларды кемшіліктерді жасырмай, оны көтерсек, оны шешсек әрине халық бізге сенеді. Бүгін де айтып жатыр партияға сенеміз, партия жұмыс істейді, оның бәрін түсінеміз деп.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары да партияның негізгі назарында. Жарылыстан зардап шеккен шаһар халқының баспаналары бітуге таяу. Арыстықтармен кездескен партия Төрағасының Бірінші орынбасары үйлерді табыстау жыл соңына дейін аыяқталады деді.   

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Енді тез десеңіз сапасыз жасап тастайды. Сондықтан қоғамдық бақылауды күшейту керек партия тарапынанда. Сапалы болуы керек.

Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары жарылыстан баспанасы жарамай қалған Ибрагимовтердің үйіне барды. Бауыржан Байбек шілде айының басында Арысқа жасаған сапарында да осы үйдің жағдайымен танысып, партия тарапынан қолдау көрсетілетінін айтқан болатын.  

Талғат ИБРАГИМОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қарап бәрін бақылап. Осы үй басталғаннан біткенше жүрмін ғой. Рахмет. Бәріне алғыс айтам халыққа көмектесті бәрі.

Айта кетейік, облыс орталығынан Open space форматында жұмыс істейтін қоғамдық қабылдау бөлмесі де ашылды. Енді бұл жерде облыстық филиал төрағасынан бастап барлық мемлекеттік мекеменің өкілдері тұрақты қабылдаулар өткізіп тұрады. 

А. Төребекқызы