$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде пошта қызметкері алиментке төленген ақшаны жымқырған

AstanaTV
24.09.2019ж. 20:00
2608
Ақтөбеде пошта қызметкері алиментке төленген ақшаны жымқырған

Ақтөбеде "Қазпоштаның" қызметкері өз клиенттерін тонап келген. Алиментке аударылған ақшаны бір жарым жыл бойына заңсыз иемденіпті. Жалпы соммасы 400 мың теңгеден астам қаржыны кім ұрлағаны белгілі болды. Бақыт Рахметова толықтырады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Ақшаның қолды болғаны жуырда ғана анықталған. Қала тұрғыны өз балаларына алимент үшін 70 мың теңге аударыпты. Бірақ ол ақша діттеген жеріне жетпеген соңы, тексере келе заңсыздықтың беті ашылған.

Тексеріс езіде "Қазпоштаның" операторы, бір емес ьірнеше тұрғынның ақшасын заңсыз иемденгені анықталған. 

  Есет ӘЗІМОВ, АҚТӨБЕ қ. АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:  

«Ақшаны аударым ретінде алған оператор алты адамнан жалпы соммасы 400 мың теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталған».

25 жастағы оператор жігіт "Қазпоштаға" 2018 жылдың жаз айында жұмысқа орналасқан. Орнығып алған соң осындай жүйемен пайда тапқан. Осылайша бір жарым жыл алимент қаржысын тонап келген. Қылмыстың беті ашылған соң оператор жұмыстан қуылыпты.    

Серік БЕРДЕНОВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

«Жаңағыдай ыңғайсыз оқиға бізде болды. Біздің бұрыңғы қызметкеріміз өзінің персональный карточкалардан данныйлар арқылы адамдардың карточкасынан ақша ұрлаған. Енді ұрлаған материалды өзіміз бірінші болып біліп, ревизиялық қызметіміз бүкіл тексеруді жүргізіп сол жиналған материалды құқық қорғау органына бердік».

Полиция осы дерекке сай қылмыстық іс қозғамаған. Ұрланған сомма толық өтелген соң, екі тарап татуласып, іс жүргізу тоқтатылған.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Айта кетейік, қазіргі күні тағы бір Қазпоштаның қызметкері істі болып, сот процессі жүріп жатыр. Бірақ бұл жолы жәрбірленушілердің 1 млн 800 мың теңге дейін ақшасы қолды болған. Кінәсі дәлелденсе пошта қызметкері төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Рахметова