Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан Оманмен арадағы сауда-саттықты дамытады

AstanaTV
24.09.2019ж. 20:00
1871
Қазақстан Оманмен арадағы сауда-саттықты дамытады

Қазақстан Оманмен арадағы сауда-саттықты дамытуға ниетті. Аш-Шура меджлисінің спикері Халид Аль-Мауалимен кездескен Елбасы осылай деп мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев логистиканың жоқтығынан екіжақты сауда көлемі артпай отыр, дейді. Енді Каспийден Иранға дейін салынған теміржол бұл олқылықтың орнын толтырмақ. Яғни алдағы уақытта арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс арта түседі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан Оманмен арадағы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі. Сауда саттық нашар. Логистика болған жоқ. Қазір біз Каспийден Иран арқылы Бендер-Аббасқа дейін теміржол салдық. Енді тікелей жүк тасуға мүмкіншілік бар.

Елбасы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Мун Хи Сунмен де жүздесті. Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы диалог орнату үдерісіне қолдау білдірді. Қазір Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Елбасы бұны екі ел арасындағы алтын көпірге теңеді. Ал Мун Хи Сун 55-тен астам мемлекетті біріктірген басқосудың жоғары деңгейде өткенін жеткізді. 

Мун Хи Сун, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СПИКЕРІ:

Біздің алғашқы отырысқа 19 мемлекет, екіншісіне - 27, үшінші - 39 мемлекет қатысты. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік - Сіздің еңбегіңіз!