$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысында ер адам құлдықтан құтқарылды

AstanaTV
25.09.2019ж. 20:00
2903
Қарағанды облысында ер адам құлдықтан құтқарылды

Қарағанды облысында ер адам құлдықтан құтқарылды. 59 жастағы Михаил Ақтоғай ауданындағы алыс қыстақта мал бағып, ауыр жұмысқа жегілген. Ауыл кәсіпкері алғашында жалақы төлеймін деп алдап, кейін тіпті дұрыс тамақ та бермеген. Жақындарына хабарласуға тыйым салыпты.

Михаил:

Мен құдықтан құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Жақындарыма телефонмен де хабарласа алмадым. Қыстақтан шыға алмадым.

3 жыл бойы Қарағандыдан 400 шақырым қашықтағы қыстақтан аттап баспаған қала тұрғыны полицияның «Стоп трафик» акциясы аясында анықталды. Осы кезге дейін ол қысы- жазы малға қарап, қора тазалаған. Денсаулығы нашарлағандықтан ешқайда қашып кете алмағанын айтты. Ауыл кәсіпкері алғашында жалақы төлеймін деп алдап, кейін тіпті дұрыс тамақ та бермеген. Енді ол туыстарына қайтарылмақ. Қыстақ қожайыны Михаилды күшпен ұстап отырғанын мойындаған. Қазіргі таңда ауыл кәсіпкеріне қатысты «Заңсыз бостандықтан айыру» бабымен тергеу жүріп жатыр.

А. Қуаш