Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістанда көпбалалы ана жәрдемақы әперемін деп елді сан соқтырды

AstanaTV
25.09.2019ж. 20:00
2790
Түркістанда көпбалалы ана жәрдемақы әперемін деп елді сан соқтырды

8 баланың анасы «Алаяқтық» бабы бойынша сотталуы мүмкін! Түркістанда көпбалалы ана мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп 70 адамды тақырға отырғызған. Тергеу барысында анықталғанындай күдікті әйел жергілікті тұрғындардан 10 млн теңге шамасында қаражат жинап алған. Облыстық полиция департаменті өкілінің мәліметінше ол бұл қылмысты бұрынғы мемлекеттік қызметкермен бірігіп істеген. Экс-шенеунік қазір қамауда. Белгілі болғанындай қылмысы әшкереленген әйел 8 баланың анасы. Балаларының алды тұрмыста болса, кенжесі 2 жаста. Полиция қазір «Алаяқтық» бабы бойынша істі тергеп жатыр. 

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Әйел адам көп балалы ана болғасын сот үй қамағына алып отыр. Түркістан қаласының тергеушілерімен іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды, жалпы 70 жәйт бойынша. Ал қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр қосымша 11 эпизодқа байланысты.