Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елімізге шетелден келіп жатқан тамақ өнімдері өткізу бекеттерінде санитариялық эпидемиялық тексерістен өтпейді, - С. Байғабулов

AstanaTV
30.09.2019ж. 20:00
2066
Елімізге шетелден келіп жатқан тамақ өнімдері өткізу бекеттерінде санитариялық эпидемиялық тексерістен өтпейді, - С. Байғабулов

Елімізге шетелден келіп жатқан тамақ өнімдері өткізу бекеттерінде санитариялық-эпидемиялық тексерістен өтпейді. Жыл басынан бері бизнес өкілдері арқылы халыққа ұсынылған сондай қауіпті деген 5 мың кг өнім тәркілегенген. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабулов айтты. Олардың арасында мәселен Қытайдан елге келетін тез дайындалатын кеспе де, ет те бар. Бұл мәселе Президенттің бұйрығымен бекітілген бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні өткізілген алғашқы отырысында айтылды. 

Сәдуақас БАЙҒАБУЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Елімізге әкелетін шетелдік өндірушілер әкелген тауардың сапасы құжаттағымен сәйкес келмей жатады. Ал біз бекеттерде оны бірден тексере алмаймыз. Өйткені бизнеске кедергі болмас үшін осындай шешім қабылданған. Біз халықтан шағым түскен соң, 400-ден астам тексеру жүргізіп, мыңдаған кг өнімді тәркілеп алдық. 

Ал жыл басынан бері мемлекет қазынасына қулығы әшкере болған кәсіпкерлерден 8 млрд теңге түскен. Олардың басым бөлігі табысын жасырып чек шығармай, алкогольді ішімдіктерді сатуға лицензиясы болмаса да сатқандар.