Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда перинаталдық орталық басшысы жемқорлық фактісі

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
3324
Атырауда перинаталдық орталық басшысы жемқорлық фактісі

Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді. Ол сот-медициналық сараптама институтының өкілдеріне босану барысында қайтыс болған әйелге қатысты сараптаманың оң қорытындысын беруі үшін 300 мың теңге көлемінде пара ұсынды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ, лауазымды тұлғаның босанушы әйелдерден пара алуға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазігі таңда орталық басшысы сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сырым ЕЛУБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СЕРІКТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұдан бөлек, осы басшының лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, 1,5 млн. теңге сомасында демеушілік қаражатты өз қажеттіліктеріне (шетелде демалуға) қолдану күдігі бойынша тергеу жүргізілуде. Көрсетілген қаражат дәрігерлердің біліктілігін арттыруға шетелдік іссапар жолдамасын төлеу үшін жеке компанияның директорынан демеушілік көмек ретінде алынған.


А.Асқар