Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шымкентте "Қазпошта" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
2010
Шымкентте "Қазпошта" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Шымкентте бүгін "Қазпошта" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қылмыс түскі үзілістен соң болған. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. № 9 байланыс бөлімшесі қаланың кісі аса көп жүре бермейтін Алдияров көшесінде орналасқан. Алдын-ала ұйымдасқандар осыны пайдаланса керек. Бөлімшеде сол сәтте қанша адам болғаны және күдіктілердің санына қатысты да мәлімет айтылмай отыр. Сол маңдағылардың байқауынша күдікті жалғыз болмаған. Қаруланғандар бетперде киген деген ақпарат бар. Бұл уақытта поштада зейнетақы таратылып жатқан. Мұны мекеменің қауіпсіздік бөлімі басшысы растады. Күдіктілердің нақты саны мен қаруға қатысты деректер тергеу құпиясы ретінде айтылмай отыр.

Ербол БАЕЗИТОВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ ОҚОФ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қазір жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, іздестіру шаралары жүріп жатыр. Жалпы сома 700 мың теңге болып тұр келтірілген залал сомасы. Қазір анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық версиялар қарастырылып жатыр. Пенсионерлерге ешқандай төлем жағынан кедіргі келтірмейді, барлығы төленеді.


Полиция «Қарақшылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Қаскүнемдердің жеке басын анықтау және оларды ұстауға қатысты жедел-іс-шаралар жүріп жатыр.

А. Төребекқызы