Негізгі / Жаңалықтар / Алматылықтар «Атакент» саябағының алдына автотұрақ жасау тиімсіз деген пікірде

Алматылықтар «Атакент» саябағының алдына автотұрақ жасау тиімсіз деген пікірде

«Атакент» саябағының алдына қайтадан автотұрақ  жасау тиімсіз. Алматылықтардың басым бөлігінің пайымы осы. Олардың айтуынша, әйгілі кешенге көліктер кіргізілетін болса- қауіп үдей түседі. Ал саябақ аумағындағы кәсіпкерлердің пікірі басқа. Тараптарды таңдап қайтқан тілшіміз  Әсем Лесбек жалғастырады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Былтыр «Атакент» саябағы қала меншігіне ауысып, демалыс орнының келбеті толығымен жаңартылған болатын. Тұрғындар мен қала қонақтарына неғұрлым қолайлы жағдай жасалынды.

Мұндағы біраз олқылықтар оңалтылып, тіпті кешенге кіреберіс қақпа алдындағы автотұрақ алынып тасталды. Көліктерге ішке енуге тыйым салынды. Әбден тозығы жеткен орындықтар мен қоқыс жәшіктері де түгелдей жаңа кейіпке енді. Қала тұрғыны, зейнеткер Гүлсара Білжанова кешеннің қазіргі жағдайы әлдеқайда ыңғайлы дейді.

Гүлсара БІЛЖАНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

 
Өте көп өзгеріс бар, фонтандар, машиналар жүрмейді демалғанға өте жақсы жағдай жасап берген. Машиналар көрменің ішішнен жүргенге мен қарсымын.

Алайда, саябақ аумағында кәсібін дөңгелетіп отырғандар, бұл жаңашылдық жұмысымызға керегі келтірді дейді.

Жанат СЫЗДЫҚОВ, КӘСІПКЕР:

Аударма. Кешен алдындағы автотұрақты алып тастағалы бері мұндағы кәсіпкерлер шығынға батып отыр. Саудамыз тоқтады. Өйткені қала жұрты автотұрақ болмағандықтан көбі жаяу жүргілері келмей бізге келуді қойды.

Ал қала тұрғындары үшін бұл мәселенің еш негізі жоқ. Олар саябақ аумағына көліктердің өтуіне рұқсат берілсе, қауіп күшейеді дейді.

Тұрғындардың пікірін саясаттанушылар да құптап отыр. Марат Шибутовтың айтуынша, кешеннің аумағына көліктер өтсе, кептеліс одан сайын ұзара түседі.  

Марат ШИБУТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
 
Саябақтағы сауда орталықтарына бола жолды қайта бұзып, оны қайта тұрғызу еш негізсіз. Яғни автотұрақ немесе көліктерді саябаққа кіргізу үшін тағы біраз уақыт кетеді. Әрі кептелісте көбейе түседі. Онсыз да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдына дейін үзілмейтін кептеліс.

Жанат АЙТІЛЕУ, СӘУЛЕТШІ:

Ол саябақ болғандықтан оның аумағына көліктің кірмеуі қажет. Көлік тұрағы «Атакент» саябағының аумағында емес оның сырт жағында шешілуі керек. Мүмкін тек қана жер бетінде ғана емес, жер асты жер үсті көп деңгейлі автотұрақтар жасауға болады.

Қазіргі таңда «Атакент» кешеніне машиналардың кіруіне жол полицейлері де қатаң тыйым салып отыр. Өйткені, Тимирязов пен Манас көшелерінің қиылысында солға бұрылу жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне әкеп соқтырады дейді. Ал кәсіпкерлердің ұсынысын қала билігі әлі қолдамады.