$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысындағы өзен-көлдерде балық саны көбейді

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
3386
Ақмола облысындағы өзен-көлдерде балық саны көбейді

Ақмола облысындағы өзен-көлдерде балық саны көбейді. Қоянды, Вячеслав су қоймалары мен Қарасу өзенінің ескі арнасына 200 мыңнан аса шабақтар жіберілді. Игілікті іске Астана қалалық әкімдігіне қарасты Жаснұр өндірістік-шаруашылық кәсіпорны бастамашы болған. Шабақтардың салмағы 180-200 грамды құрайды. Мамандар, келесі жылы оның мөлшері 1 келіге дейін жетеді, деп отыр 

Анатолий Боровик, қорықшы: 

Ірі балықтарды жіберген себебіміз, бұл жергілікті су жәндіктерінің қанын ауыстыру үшін маңызды. Сондықтан 3 жыл сайын осы шараларды қайталап тұрған жөн.

Жарылқасын Әбдікерімов, «Жас нұр» шаруашылық кәсіпорны табиғатты қорғау бөлімінің басшысы:

Бұл балықтар арнайы питомникте өсірілген. Өзі кәдімгідей құжаттармен, Ауыл шаруашылық минстрлігінің құжаттарында көрсетілген. Қағидаға сай комиссиямен толтырылып жіберіледі.

410 гектар алқапты құрайтын Қоянды су қоймасына жыл сайын 9 млн-ға дейін балық  қосылып тұрады. Мұнда көксерке, көкшұбар, алабұға сияқты балықтардың 10-ға тарта түрі бар. Олардың қатарына мөңке, ақ амур, тұқы балықтары қосылды. Су жәндіктері ерекше қорғауға алынған. Биыл Ақмола облысы бойынша 400-дей браконьерлік фактісі тіркелген. Қазір Елорда маңындағы 15 жағажайдың үшеуі ғана заңдастырылған екен. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолға алуымен келесі жылы қосымша жағажайлар салу жоспарланып отыр.