Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада қар тазалау жұмыстарына 1840 жуық арнайы техника жұмылдырылады

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
2768
Астанада қар тазалау жұмыстарына 1840 жуық арнайы техника жұмылдырылады

Астанада қысқы қар тазалау жұмыстарына 1800 ден астам арнайы техника тартылады деп жоспарланған. 2850 жұмысшы осы іске атсалысады. Қала әкімі Әсет Исекешев коммуналдық қызметтердің қысқа дайындық шараларымен танысты. Олардың қар тазалау шараларына әзірлігі ұдайы бақылауда болмақ. Көшелерді ақ ұлпадан арылтатын техникалардың 468-і Алматы ауданында, 487-і Есіл ауданы аумағында тазарту жұмыстарын жүргізеді. Ал 414 техника Сарыарқа ауданына бекітілген. «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» компанияларының арнайы техникалары қысқы маусымға дайын. Коммуналдық техниканың бір бөлігі газға ауыстырылған.

Арман Тұрлыбек, Астана қ, Сарыарқа ауданының әкімі:

Биыл 500-дей адам жұмыс істейді. 400-дей техника және 33 жеке меншік мекемелер қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылады.

Көктайғақты болдырмау үшін пилоттық жоба аясында жаңа буындағы 1141 тонна «Айсмелт» реагенті қолданылады. Оны пайдаланған кезде жолдарда және тротуарларда кір дақтар болмайды. 26 мың текше метрден астам құм-тұз қоспасы дайындалған. Тазалықшылар құзырына жаңа көшелер есепке алына отырып, жұмыс тәртібі әлі де қарастырылған. Орталық көшелер мен әлеуметтік нысандарға басымдық беріледі. Тұрғындар тарапынан түсетін тазалау жұмыстары бойынша өтініштері «109» нөмірі арқылы кезекші қызметінде тәулік бойы қабылданады.