$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Келер жылдан бастап компьютерлік томография жасау тегін болады

AstanaTV
16.10.2019ж. 20:00
2852
Келер жылдан бастап компьютерлік томография жасау тегін болады

Енді компьютерлік томография қызметін тегін қолдануға болады. Мұндай жеңілдікті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі ұсынып отыр. Жоба 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Қазір пилоттық режимде тек Қарағанды облысында енгізілген.

Асия Сауытбекқызы - көп балалы ана. Ол отбасымен бірге жақында ғана мемлекеттік емхананың қызметінен бас тартқан. Қазір жеке клиникада қаралып жүр. Асия міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалаған емханаға тіркелуге мүмкіндік жасайтындығына қуанады.

Асия САУЫТБЕКҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН: 

Біріншіден, осы жақын жерде тұрамыз. Екіншіден, мұнда қажетті мамандарыдың барлығы да бар. Олардың жұмысына көңіліміз толады. Сондықтан осы жердің қызметіне жүгінеміз. 

Дәрігерлер медициналық сақтандыру жүйесі толығымен енгізілгеннен кейін адамдар денсаулығына салғырт қарауды доғарады деп сенеді. Яғни, жарна төлеп отырған азамат өз денсаулығына өзі жауапты. Бұл медициналық ұйымдардың да жұмысына едәуір тиімді.

Көкенай ТАШИМОВА, ОТБАСЫЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Бұл себепте біздегі медициналық ұғымдарға қаражаттандыру жақсартады деп түсінемін. Медицина қызметкерлерінің жалақысы көбеюге тиісті деп есептеймін. Сонымен қатар, дәрігерлер мен медбикелер өз білімін арттыруға өздерін ынландырады.

Соңғы есеп бойынша, қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорына 215 миллиард теңгеге жуық төлем жасаған. Қазір бұл сомманы жұмыс берушілер төлеп отыр. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір азамат өзінің жалақысының 1%-ын осы қорға аударуға міндетті. Ал зейнеткер, мүгедек, жетім, әскери қызметкер, студент және 18 жасқа толмаған балалар санатына жатататындар жарнасыз автоматты түрде тіркеледі. Жаңа жүйе оларға бірқатар медициналық көмекті тегін ұсынып отыр. 
 
Гүлзия ТАИПОВА, "ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" КЕАҚ ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ:

Қазіргі таңда компьютерлік томография, магнитное резонансное томографие әлеуметтік осал топтарға ғана қолжетімді болса, 20-жылдан бастап емханадағы дәрігердің жолдамасымен аталған жоғары мамандандырылған күрделі медициналық зерттеулер халыққа қолжетімді болады.

Жоба әзірге пилоттық режимде Қарағанды облысында енгізілген. Ол өзінің тиімділігін көрсетіп те үлгеріпті.  

Азамат ӨМІРТАЕВ, ҚР ДСМ МӘМС ҮЙЛЕСТІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: ДИРЕКТОРЫ:

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында пилоттық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді. Бірінші айдың қортындысы бойынша консультациялық диагностикалық  қызметтердің саны ұлғайды.  Қысқаша айтқанда, халықтың реабилитациялық оңалту қызметтеріне қолжетімділігі өсті.

Қазақстандықтар медициналық сақтандырылғанын fms.kz, telegram bot және egov.kz порталдары арқылы анықтай алады. 1-ші қаңтарға дейін тіркелуге кешіккендерге қосымша 3 ай беріліп отыр. 

А. Мүтәлі