Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматылық отыздан астам көп балалы ана үйде отырып-ақ кәсіп ашуға дайын

AstanaTV
18.10.2019ж. 20:00
2628
Алматылық отыздан астам көп балалы ана үйде отырып-ақ кәсіп ашуға дайын

Алматылық отыздан астам көп балалы ана үйде отырып-ақ кәсіп ашуға дайын. Бүгін олар бет әрлеу, тігіншілік, қолөнер сынды қысқа мерзімді курсты аяқтап шықты. Олар "Іскер ана" курстарын «Nur Otan»" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында тамызда бастаған болатын. Мақсат нәзік жанды кәсіпкерлерді қолдау. Бірі бет әрлеуді үйреніп, енді бірі кәсіби тігінші атануға дайын. Кейбірі макияж жасау курсын тапдапты. Олар сала сайталмандары тегін сабақ өткізген. 31 жастағы көп балалы ана Балқия Оспанова тігіншілікті қалаған. Ол енді 5 баласына киім тігіп, цех ашып, құрақ  көрпе тігіп табыс табуды жоспарлап отыр.

Балқия ОСПАНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Көпбалалы ана деп бізге тамақ  емес, колымызға балық емес қармақ беріп жатыр. Өзіңіз еңбектеніп адал  еңбекпен тапсын деп бізге осындай жағдай жасап жатқан Жас Отандықтарға рахметім шексіз. Осы Іскер Ана жобасына келгелі бері үйренгеніммен тапсырыстар қабылдап ақша тауып жатырмын.


Слямхан САҒЫМБЕКОВ, АЛМАТЫ қ. МЕДЕУ АУДАНДЫҚ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Іскер ана осы бізде жоба бізде. Іскер Ана үңкей жас аналар, 4-5 балалары бар. Олар осындай өнерлерге үйреніп, келе жатқаны жақсы.


А. Лесбек