Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде 12 жастағы мүгедек бала мектепке бара алмай отыр

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
3656
Ақтөбеде 12 жастағы мүгедек бала мектепке бара алмай отыр

Ақтөбеде он екі жастағы мүгедек бала мектепке бара алмай отыр. Бейбарыс Әбдукәрім алтыншы сыныпта оқуы тиіс. Бірақ оқу жылы басталғалы сабаққа бармаған. Тілшіміз Бақыт Рахметова мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Он екі жастағы Бейбарыстың сол аяғы, оң аяғынан 4 сантиметрге қысқа. Жүре алады, бірақ, аяғына көп салмақ салуға болмайды. Білімге құштар ол ел қатарлы мектепке барғысы келеді. Ауыз әдебиетін, әсіресе батырлар жырын сүйіп оқиды. Үлгерімі де жақсы. Бірақ жыл басталғалы мектепке бармапты. 

Бейбарыс ӘБДІКӘРІМОВ, ОҚУШЫ:

Бірақ деген аяғым қатты ауруы мүмкін. Барып келемін дегенше құлап қаламын. Тіземді ауыртып аламын. Бірдемемді жыртып аламын. Қыста қиын. Балшық болады. Сосын тіземді ауырып қалады. Машинамен баруға керек болады. Байменова апай өтінемін көмектесіңізші.
 
Бейбарыс қаладағы нөмірі 38 орта мектептің алтыншы сыныбында оқиды. Былтыр  оны инватакси қызметі тасыған. Ал биыл инватакси ата-анасының бірі Бейбарыспен еріп баруын талап еткен. Күні бойы жұмыстағы ата-ана бұған мүмкіндігі жоқ, дейді.

Ерік НҰРҒАЛИЕВ, БЕЙБАРЫСТЫҢ ӘКЕСІ:

Жоқ, ешкімнің оған мүмкіндігі жоқ баруға. Сол таксы қызметін сұрап едім. Маған отказ беріп отыр. Енді қаншама жерге бардым ешкім көмек бермейді маған. Барлығы айтады біз білмейміз. Бәрі заңды ештеңе істей алмаймыз дейді. Собеске бардым көмек сұрадым. Горонода мүгедектер қауымы несі бар екен 32 кабинет онда болдым. Жағдайымды айтып не қылдым. Біз ештеңе істей алмаймыз деді.

Инватакси қызметіндегілер Бейбарысты мектепке тасудан бас тартпаймыз дейді. Бірақ ережеге сай, 18 жасқа толмаған мүгедек балаға ересек адам еріп жүруі тиіс.

Гүлмирам СРАЖОВА, АҚТӨБЕ қ. САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Себебі жол бойында неше түрлі оқиғалар болуы мүмкін. Ересек адам жоқ болса бүкіл жауапкершілік жүргізушінің мойнына артылады. Сондықтан барлық ата-аналарға қойылатын талап бірдей. Біріншіден ол баланың қауіпсіздігі біздің ойлайтынымыз. Сондықтанда осы ереже бойынша  ата-анасы Бейбарысты осылай тасымалдауға қолдау көрсетсе дейміз.

Мектептегілер Бейбарыстың жайынан хабардар. Олар тығырықтан шығар жол іздейтіндерін уәде етті.  

Димаш ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, № 38 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Обучение на домуға  Горономен бәрімен документ жинақтау керек. Комиссиядан өту керек. Осы каникул кезінде үлгерсек мүмкін сөйтерміз. Біз мәселені шешу үшін өзара өзіміз жиналыс жасап, қандай көмек болады соны айтайық.  Оның ата-анасына өзіміз хабар береміз. Мектепке келуіне жағдай жасағымыз келеді. Сопровождение жасауға ма. Бір нәрсе ұйымдастырамыз деп ойлап отырмыз.

Жалпы, қала бойынша инватакси қызметінде сегіз көлік бар. Олардың төртеуі ересектерге, қалғаны балаларға қызмет көрсетеді. Ай сайын 100 мүгедек бала және 120 ересек адам бұл қызметті қолданып отыр. Бейбарыс та арнайы қызметті пайдалана алады, Тек оның қасына еріп баратын ересек табылса болғаны.

Б. Рахметова