Негізгі / Жаңалықтар / Қарттар үйіне тапсырылған қарияның жұмбақ өлімі

Қарттар үйіне тапсырылған қарияның жұмбақ өлімі

Қарттар үйіне жатқызылған қария 1 аптадан соң жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Марқұмды жан тапсырар кезінде көрген көршілері мекеме қызметкерлері ұрып-соқты деп күдіктенеді. Өйткені оның аяқ-қолы сынып, көгеріп, күйіп кеткен еді дейді.  67-жастағы қарттың жұмбақ өлімі туралы тілшіміз тарқатады.

Анатолий Вознюк өмірінің соңғы 10 жылын осы үйде өткізген. Алпысты алқымдаған қария транспорт саласында қызмет атқарыпты. Зейнет жасына келгенде қарайласар бірде-бір туысы қалмаған. Тек көршілерімен ғана жақын араласқан. Жалғыздықтан әбден шаршаған соң, қоңсысының көмегімен Қарттар үйінен пана табады. Арты қайғымен аяқталған.

Вера ПЕТРОВА, МАРҚҰМНЫҢ КӨРШІСІ:

Біз бір отбасындай болып кеткенбіз. Менде оның сенімхаты да бар. Қарттар үйіне өткіз деген соң, жағдай жақсарар деп, айтқанын екі етпеп едім. Кім білген осылай боларын. Оны бірінші рет көруге келгенде, тамақтанудан бас тартқанын айтты. Екінші келгенде, бір аяғы қап-қара болып ісініп кеткен. Қараудың өзі қорқынышты болды.

Анатолийдің аяғы мазалағандықтан, соңғы жылдары жүруден қалған. Бір аяғына ота да жасалыпты. Қарттар үйі оны сол күйінде қабылдағанымен, артынан ауруханаға  жөнелткен. Алайда, оның жағдайы туралы хабар да алмаған. Көршілерінің айтуынша, қарттар үйі қызметкерлері ондағыларға күтім жасамақ түгілі, қарауда да немқұрайлылық танытады. 

Виталий ПЕТРОВ, МАРҚҰМНЫҢ КӨРШІСІ:

Палатаға кіріп едім, оның жерде жатқанын көрдім. Артынан ондағы қызметкерлерді  іздеп кеттім. 2 қабатты аралап жүріп бір санитар маманды әрең таптым. Олар оның құлап кеткенін жүргегін ауыстырып жатқан едік деп түсіндірді. Ал мен, ол қалай мен сіздерді 15 минуттан бері іздеп жүрмін ғой, десем жауап та қатқан жоқ. 

Қалалық қарттар үйінің мамандары науқастың қайтыс болғанынан да хабарсыз. Соған қарамастан, олар тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, марқұм мекемеге келгенде жағдайы ауыр болған. Қолдарында оны растайтын құжаттары да бар. Керісінше, біз оны адам қатарына қостық деп отыр.

Болатбек МҰСАХАНОВ, «НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ШАРАПАТ» ӘҚКО» КММ МЕДИЦИНА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Күйік болған жоқ. Екі аяғы да қап-қара болды. Екі аяғында да қан айналымы тізеден төмен болмады. Аяғы сұп-суық. Бір көргенде, күйік сияқты көрінеді. Бірақ ол влажное гиангагоме. біздің тілімізде солай айтылады. Ол кісі қимылдамайтын адам. Ұрып-соғатын бізде қандай не бар. Себеп бар.

Елордалық тұрғын Қарттар үйіне 27 қыркүйекте түскен. 9 күн арнайы күтім алып, ауруды еңсеруге мұндағы мамандардың шамасы келмеген соң қалалық ауруханаға жеткізілгендерін растады. 67- жасқа келген қарт 17 қазан күні қаза болды.

А. Мүтәлі