Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

250 мың қазақстандық ұялы байланыссыз қалды

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
2246
250 мың қазақстандық ұялы байланыссыз қалды

Бүгін 250 мың қазақстандық ұялы байланыссыз қалды. Kcell баспасөз қызметінің басшысы Олжас Бибанов тіркелмеген абонентердің нөмерлері өшірілгенін растады. Компания бұған қатысты тұрғындарға 9 ай бойы ескертіліп келгенін айтты. Оны елемегендің құрылғылары байланыстан ажыратылған. Бұған шағымданған жұрт байланыс операторларының бөлімшесінде шу көтерді.

Орталық мамандары, абонентті тіркеу үшін жеке сәйкестендіру нөмерін 6006 нөміріне жіберсе жеткілікті деп отыр. Сонымен қатар, маман, ұялы байланыстың сөніп қалуы мәселесі бірнеше сағаттың ішінде ретке келтіріледі деп уәде етті.

Олжас БИБАНОВ, "KCELL" БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кеше түнде IMEI-код дерекқорларында сынақ жұмыстары жүргізілді. Бұрыс тіркелген нөмірлердің барлығы осындай қиындыққа тап болып отыр. Яғни телефон нөмірі, ЖСН немесе IMEI-коды сәйкес келмейтін нөмірлер өшті. Бұл көбіне жақында ғана жаңа SIM-карталар салынған телефондарға қатысты.

А. Мутали