Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Бұрынғы Премьер- министр Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды.

AstanaTV
25.10.2019ж. 20:00
2796
Бұрынғы Премьер- министр Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды.

Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов мерзімінен бұрын босатылмайтын болды. Прокурор Бүгін №1 Қазыбек би атындағы аудандық сот осындай шешім шығарды. Бостандығы шектеулі экс- Премьер соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді. Серік Ахметов өтініші неге қанағаттандырылмады? Сот процесіне тілшіміз Айжан Қуаш қатысты. 

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:



Серік Ахметов сотқа БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болмады. Бостандыққа шығуды сұраған ол отырысқа костюммен, жақсы реңменғ ағасымен келді. Пробация қызметінің мәліметінше, Серік Ахметов тәртіп бұзбаған, қоғамдық белсенділігі үшін бірнеше мәрте марапатталған. Мемлекетке келтірілген 2 млрд теңгеден астам шығынды толық өтеген. Қорғаушы Николай Лесниктің айтуынша, экс-премьерге бостандық беру үшін осы жеткілікті.

Николай ЛЕСНИК, СЕРІК АХМЕТОВТІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:



Менің қорғауымдағы Серік Нығметұлы Ахметов жазасын өтеу кезінде өрескел құқық бұзған жоқ. Мемлекетке келген шығынды толық өтеді. Осыған байланысты ҚК- тің 72- нші бабы, бірінші, екінші тармағына сәйкес ешбір шартсыз мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқы бар. Сонымен бірге соттан оның 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу туралы жазаны да зерттеуді сұраймын.

Бірақ бұрынғы премьер- министрдің талап-арызын күні бойы қараған судъя шешімін түстен кейін жариялады.

Манат ЖҰМАҚАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ СОТ СУДЪЯСЫ:



Сот Ахметов Серік Нығметұлын мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмайды. Оның бостандығын шектеу және 5 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істемеу туралы жазасын мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға ауыстыру туралы талап-арызы  қанағаттандырылмайды.

Істің Ахметовтің пайдасына шешілмеуіне прокурордың пікірі себеп болды. Ол өз қарсылығын «сотталушының түзелгенін растайтын мәліметтер жеткіліксіз», - деп түсіндірді.

Әсем ТЕРГЕУБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ:



Қазыбек би ауданының Пробация қызметінің мәліметтерін қарай отырып бостандығы шектелген және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне 5 жыл тыйым салынған  Серік Нығметұлы Ахметовті бостандыққа шығаруға қарсылық білдіреміз. Ол сотталушының түзелгені және ары қарай жазаға тартуды қажет етпейтіні туралы мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты. 

Алайда прокурор журналистерге пробацияның нақты қандай ақпараттарды бермегенін түсіндіре алмады.

Соңғы 5 жылда құқық қорғау органдарының құрығынан шыға алмай жүрген Серік Ахметов тиісті құжаттар соттың қарауына берілгенін, қандай шешім шықса да заңға бағынатынын айтты.

Сот мәліметінше, бұрынғы премьер- министр қазір жеке құрылыс және жөндеу компаниясын басқарады. Өзінің бостандығы шектеулі  Серік Ахметов уақытын жұмысы мен отбасына арнайтын айтты.

Серік АХМЕТОВ- СОТТАЛУШЫ, ҚР БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІ:



Жоспар семьям, ол бір. Екіншіден жұмыс, атқарып жүрем.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 2015 жылы бюджет қаржысын жымқыру, лауазымын асыра пайдалану, кәсіпкерлікке заңсыз араласу баптарымен айыпталып 10 жылға сотталған болатын.

Сот оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысуына 5 жыл тыйым салды. Келесі жылын да аппеляциялық сот бұл мерзімді 8 жылға дейін төмендеткен. Екі жылдан кейін сотталушы рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеу мерзімі 4 жылға азайды. Кешікпей «бостандығын шектеу» жазасына ауыстырылды. Сөйтіп ол АК 159/ 18 жалпы ережедегі колониясынан босап шықты.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:



Серік Ахметов бүгінгі сот шешіміне қайта шағымдануға құқылы. Алайда қорғаушысы әзір ол туралы нақты жоспарларымен бөліспеді. Егер сот орындары шешімін өзгерпеген жағдайда сотталушы қазіргі жазасын екі жылда толық өтеп бітеді.

А. Қуаш