Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі баланың сүйегі судан табылды

AstanaTV
25.10.2019ж. 20:00
2919
Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі баланың сүйегі судан табылды

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі баланың мәйіті судан табылды. Іздестіру жұмыстарына полиция мен мыңға тарта ерікті жұмылдырылған еді. Тіпті көршілес Атырау облысының Индер ауданының азаматтары да көмекке келген. Өкінішке қарай, 5 жасар Бексұлтан мен 2 жасар Нұрисламның өлі денесін сүңгуірлер ауыл іргесіндегі Қарасу өзенінен алып шықты.

Суыт оқиға бойынша шұғыл брифинг ұйымдастырған полиция мен төтеншеліктер соңғы ақпаратты нақтылап жатыр. Балаларды іздеуге мыңға тарта адам жұмылдырылып, көршілес Атырау облысы да қол ұшын созған. Бұдан бөлек, әуеден барлауға дрон мен иісшіл иттер де тартылды. Бүгін түсте сүңгуірлер бес жасар Бексұлтанның денесін судан алып шықты. Түс ауа оның інісі, екі жасар Нұрисламның да мәйіті үй іргесіндегі судан табылды.

Серік СҮЙІНБАЕВ, БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:



Ата-анасы үйінде болған, әкесі қызметінде болған. Ата-анасы бас кезінде өздері бір-екі сағаттай іздеген. Таба алмағаннан кейін көршілеріне айтқан. Бүкіл ауыл болып, шағын ауыл Жанама деген. Өздері іздей бастаған. Таба алмағаннан кейін кезекші бөлімге 20.40 шамасында хабарласқан.

Аудан әкімдігі көзінің ағы мен қарасындай екі ұлынан бір мезетте айрылып, қан жұтқан отбасыға материалдық көмек көрсетпек.

Ердос ҮМІТОВ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:



Үлкені нулевойда оқиды, мектепалды даярлықта. Кішісі миницентрге түске дейін барады. Әкесі шөпке кетіп қалған ғой сол күні. Мамасы үйінде болған. Аулада ойнап жүрген. Ешкім байқамаған. Ана көлшіктен ауылдың шетіндегі үй шамамен 600-700 метрдей. Әкесінен сұраған ғой: суға осыған дейін барған жоқ дейді. Өзім де апарған жоқпын, былай да барып жүрген жоқ дейді.

Биыл облыс бойынша 26 адам суға кетіпті. Олардың 8-і бала. Осыған байланысты полиция кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмауды ескертеді.

Е. Карин