Бағдат Мәнзоровқа қатысты желіде тараған бейнежазба - монтаж! Шенеуніктің қорғаушысы осындай мәлімдеме жасады. Тергеуге алынып, кейін тоқтатылған Мәнзоров ісінде көп сұраққа жауап жоқ. Не үшін іс қозғалып, не үшін тоқталығаны белгісіз. Ал саясаттанушылар жұмбақ іске түсініктеме берілуі қажет деп отыр.
57 жастағы Бағдат Мәнзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып осы жылдың шілде айында тағайындалған. Оған дейін Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын екі жыл басқарыпты. Алатау ауданында да 9 жыл әкім болған. Өткен айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері шенеунікті «ірі көлемде алаяқтық" жасады деген күдікпен ұстаған еді. Содан бері Мәнзоров үй қамағында отырады. Бірақ күні кеше Бас прокурордың орынбасары оның ісі тоқтатылғанын мәлімдеді. Керісінше, жемқорлыққа қарсы агенттіке өкілдерін жазаға тартуды ұсынған. Бірақ тергеушілер бұл шешіммен келіспейді.
Қанат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІ БІРІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта біз бұл шешіммен келіспейміз және қарсы арыз шағым түсірдік. Қазір біздің өтінішіміз, бас прокуратураның қаралымында жатыр. Тергеу-тексерудің қалай жүргенін де айта алмаймыз. Қылмыстық істі олар тоқтатқаннан кейін енді бұл істе ешқандай мәртебе жоқ.
Ал бүгін ғаламторда мына бейнежазба жарияланды. Даулы видеоға қатысты түсініктеме берген шенеуніктің адвокаты мұны - монтаж деп мәлімдеді.
Алмас ДЕМЕСІНОВ, Б. МӘНЗОРОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
"Қызмет үшін - 30 сотық" деген сөзге Бағдат Манзоровтың ешқандай қатысы жоқ. Шенеунік онда жер телімін қайта заңдастыру бойынша заңгердің қызметін төлеу туралы айтқан. Бұл роликтің оның имиджіне кері әсер ету үшін әдейі әзірленген деп ойлаймын. Біздің алдын-ала болжауымызша, бұл видеомонтаж.
Адвокат шенеуніктің бейнежазбаға қатысты шағым жазуы, не жазбауы екіталай дейді. Оған қоса қызметтік беделіне келген нұқсанға өтемақы талап ете ме, ол жағы да белгісіз. Облыс әкімінің орынбасарына қылмыстық іс қозғап, кейін қайта жапқанқандардың әрекетін қарапайым халық та, саясаткерлер де түсінбей дал.
Расул ЖҰМАЛҰЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Жабық есік жабық жағдайында қалған. Тіпті мынау айыптаудың өзі әу бастан жемқорлық болды содан кейін алаяқтық болып өзгерудің өзі де бірталай ойға жетелейді. Енді жел болмаса шөптің басы қимылдамайды деген әңгіме бар ғой, бірнеше гектар жер, бірнеше жел телімдері жайында болған әңгімелер менімше сот немесе тергеу орындарының бір түсініктемесін қажет етеді. Қоғаммен санасу керек, қоғамды қандай да бір мақұлық көрмеу керек.
Ал ісі тоқтатылғанын хабарланған соң Бағдат Мәнзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде қалып, жұмысын жалғастырып жатыр.
Ә. Лесбек