Степногорск тұрғыны өндірістік кәсіпорында жарақаттанғанын дәлелдей алмай жүр. Алла Игумнова осы мәселемен талай мекеменің табалдырығын тоздырғанына тура 5 жыл болыпты. 2014 жылдың наурызында ол ауа райы қолайсыздығынан комбинат аумағында тайып, бас сүйек жарақатын алған. Жұмыс беруші әуелде өз кінәсін мойындағанмен, бірнеше күннен кейін сөзінен бас тартты, деді. Ең сорақысы, оны еш себепсіз жұмыстан босатыпты. Амалы таусылған тұрғын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен көмек сұрап келді. Ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бүгін "Nur Otan"партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-шағымын тыңдады.
Алла ИГУМНОВА,СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жарақат алғаннан кейін біраз уақыт тамақ жей алмадым, ұйықтай алмадым. Тіпті,тыныстауымның өзі қиындап кетті. Қатты қиналдым. Олар мені «белгісіз себептермен жұмысқа келмей қойды» деп жұмыстан шығарып жіберді.
Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Алла Борисовна, завтра вечером с приглашением государственного инспектора по Акмолинской области этот вопрос рассмотрим.
Жалпы алғанда, министрдің қоғамдық қабылдауы ұзаққа созылды. 5 сағат ішінде Біржан Нұрымбетов 30-дан астам адамның өтініш тандады.
А. Мүтәлі