Хорватияның Загреб қаласында 2000-нан астам мұғалім көшеге шықты. Үкімет ғимаратының алдына жиналған олар биліктен жалақына арттыруды талап етті. Елдегі ереуіл бір айдан бері жалғасып келеді. Билік ұстаздардың жан-айқайын неге елемей отыр? Әріптесім Ғалымжан Өтеміс зерттеп көрді.
«Білім беруді тоқтату-ел стагнациясы!». Яғни "білім болмаса, ел кері кетеді" осылай ұрандаған ұстаздар бір айдан бері, көше кезіп жүр. Олар талап орындалмаса, жұмысқа мүлде шықпайтындарын айтады.
Саса МЛИНАР, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:
Үкіметтің біздің өтінішімізге бей-жай қарап отырғаны өте өкінішті. Олар мектепке жұмсалған қаражат жеткілікті екенін айтады. Алайда, премьер-министрді біздің талабымыз алаңдатпайды. Оқулықтар мен мектеп қажеттілігін жаңарту әрине жақсы. Бірақ, ұстаздарға да көңіл бөлу керек қой.
Қазір қаладағы мектеп сыныптары мен дәліздері қаңырап тұр. Сабақ кестесінің орнына «ереуіл» жазуы бар парақтар ілінген. 23 қазан күні мұғалімдерге жоғары оқу орындарының оқытушылары да қосылды.
Бранимир МИХАЛИНЕЦ, ОРТА БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:
17 күн ішінде олар бізді елемеді. Бізді мүлдем байқамағандай! Бұл Хорватия Үкіметіне жолдау. Олар біздің не қалайтынымызды білуі керек. Білім беру саласындағы жалақыны реттеуі тиіс.
Ал биліктегідер жалақының жеткілікті екенін айтады. Олар Еуро Одақта бекітілген норманы сақтағанындарын жеткізді. Орташа жалақы 8 500 кун, оқытушылар шамамен 70 000 кун алады. Бұл шамамен 400 мың теңге. Үкімет басындағылар білім беру жүйесін толығымен реформаланды деп отыр.
Анна ХИНИК, ХОРВАТИЯ МҰҒАЛІМДЕР КӘСІПОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Үкімет алдымен бюджетте ақша жоқ,-деді. Алайда соңынан барлық салаға қаражат жеткілікті екенін айтты. Бірақ тек бізге емес. Сондықтан бюджетте ақша жоқ деген жалған сөз.
Жағдай мұнан әрі ұшықты. Елдегі барлық мектептер бір айға жабылған. Енді олардың қашан ашылатыны белгісіз. Биліктің де өз жоспары бар. Үкімет Еуропалық валюта бағамына қосылу үшін қорларды жинағысы келеді. Бұл еуроға көшу үшін қажетті шарт. Сарапшылардың пікірінше Хорватия мұндай қадамға тек 2024 жылға қарай бара алады. Демек, мұғалімдер мәселесі қалай шешілетіні әзірге белгісіз.
Ғ. Өтемісов