$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Nur Otan" партиясының Павлодар облыстық филиалы партияның кадрлық резервіне үміткерлер іріктеуді бастады

AstanaTV
07.11.2019ж. 20:00
3151
"Nur Otan" партиясының Павлодар облыстық филиалы партияның кадрлық резервіне үміткерлер іріктеуді бастады

"Nur Otan" партиясының Павлодар облыстық филиалы партияның кадрлық резервіне үміткерлер іріктеуді бастады.  Пилоттық жоба партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші партия ұйымына серпіліс енгізу тапсырмасы негізінде қолға алынған. Іріктеуге барлығы 78 кандидат өтініш берген. Олардың 58-і бастауыш партия ұйымдарынан, қалған өз-өзін ұсынды. Кандидаттарға қойылар басты талап - көшбасшылық қасиетінің болуы. Үміткерлерді іріктеу дауыс беру арқылы 16-17 қараша күндері таңдалынады. Жеңіп шыққан үміткерлер партияның кадрлық резервіне алынатын болады.

Айгүл МӘЛІКОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мықты лидер - мықты партия» деген бізде принципіміз бар.  Сол бойынша өзін көрсете алатын, жұмыс істей алатын жаңа адамдарды осы партия мүшелерінің арасында өзін ұсыну.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕР:

Партияның жұмысына үлкен бір серпін әкеледі деген ойдамын. Тек ғана партияның ғана емес, қоғамның бүкіл тыныс тіршілігіне жаңа бір өзгеріс, жаңа серпіліс әкеледі деген ойдамын. Өйткені, заманауи көзқарас, екпінді, қуатты жастар жаңаша бір қадаммен, жаңаша бір көзқараспен тыңғылықты жұмыс жүргізетініне сенімдімін.

Ө. Қуанар