Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Нұр Отан» партиясының өкілдері қызмет көрсету сапасы бақылауда

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
2890
«Нұр Отан» партиясының өкілдері қызмет көрсету сапасы бақылауда

Мемлекеттік мекемелердегі қызмет көрсету сапасы ең алдымен халықтың көңілінен шығу керек. Қызылорда өңіріне барған мәжіліс депутаттары аталған жүйенің жұмысымен танысу кезінде осылай деді. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытындағы жұмыстың сапасы да көрініс тапқан еді. Депутаттар қаладағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен "Қазпоштаның" облыстық филиалында болды. Орталықта электрондық кезек тәртібімен күніне 400-ден астам адамға қызмет көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау, рәсімдеу «Бір терезе» қағидасымен жүзеге асады. Ал «Қазпоштаның» жұмысын, депутаттар халықпен пікірлесу арқылы анықтап көрді. Жалпы елімізде 729 мемлекеттік қызмет түрі халыққа ұсынылған, соның 500-ден астамы «Азаматтық үкімет» корпорациясы арқылы жүзеге асады екен.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мемлекеттік қызмет көрсету» жөніндегі республикалық комиссия төрайымы: 

Жаңа енді қарапайым халықпен де кездестік, осы мемлекеттік қызмет аламын деп жүрген адамдармен. Енді, шынында да, көңілдерінен шығып жатыр. Біздің ойымыз, бұл жұмыстын бәрінде, біздің Елбасы айтқандай: ашық түрде өткізуіміз керек, барлық мемлекеттік қызметте жүрген барлығымыздың қызметіміз осы халықтын көңілінен шығу ғой. Сондықтан біз соны қалай дамытамыз, мынау коррупция дейміз, андай-мұндай болмау үшін және халықты анау шенеуніктің, мынау шенеуніктің қас-қабағына қарай бермей, осы "Бір терезе" қағидада барлық мемлекеттік қызметті алуға мүмкіншілігі болсын.