Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Бақыршық пен Большевик алтын кеніштері 618 млн АҚШ валютасына сатылды

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
2384
ЭКСКЛЮЗИВ: Бақыршық пен Большевик алтын кеніштері 618 млн АҚШ валютасына сатылды

Қазақстандық «Алтын Алмас Gold» компаниясы «Бақыршық» пен «Большевик» алтын кеніштерінің жүз пайыз акциясын ресейлік «Полиметалға» 618 млн долларға сатқан. Бұл туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

Ал «Полиметал» өкілі біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында 2017 жылдың соңына қарай кен алу процесі басталады деп мәлімдеді. Қос кенішті игеру «Қызыл» жобасы деп аталады. Өндіріс 20 жылға жалғасады деп жоспарланып отыр.

Кеніштегі алтын қоры 280 млн тонна. Концентраты өте жоғары, яғни тоннасына 9,15 граммды құрайды. Келіссөздер 2 жылға созылып, 2014 жылы аяқталған. Содан бері техникалық-экономикалық жобалау жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстанда кен байыту фабрикасының құрылысы басталмақ. «Қызыл» жобасы жылына 10 тонна алтын концентратын шығаруды көздейді. Сөйтіп, Қазақстандағы ірі алтын өндірушіге айналмақ. Шикізаттың 50 пайызы қазақстандық зауыттарда аффинаждалады.

Юрий Овчинников, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС бас директоры:

2017 жылы төртінші тоқсанда алғашқы кенді алу жоспарланып отыр. 2018 жылдың ортасында фабрика құрылысын аяқтап, өндірісті іске қосамыз. Жылына 1,8 млн тонна кен байытылады. Таза алтын концентраты 10 млн тоннаға дейін барады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ