$458.87 €493.84 ₽6
×

Бағалы металдар сынамасына халықаралық сертификат беретін зертхана салынады

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
1239
Бағалы металдар сынамасына халықаралық сертификат беретін зертхана салынады

Қазақстанда бағалы металдар пробасына халықаралық дәрежеде сертификат беретін зертхана салынады. Бұл туралы "Майнекс Орталық Азия-2016" тау-кен өндірістік форумында мәлім болды. «Қазгеология» мен немістің компаниясы тиісті меморандумға қол қойды. Құрылыс шығынын Германия көтереді. Коммерциялық зертхана Қарағанды облысы аумағында орналасады. 2018 жылы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Дүниежүзілік қаржы институттары барлаушы және өндіруші компаниялардан халықаралық дәрежедегі сертификат талап ететіні белгілі. Бұған дейін отандық өндірушілер оны шет елден сатып алатын.

Ғалым Нұржанов, «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы:

Ең бастапқы этапта лаборатория жаңа технологиямен салынады. Олар қазақстандық мамандарды оқытады. Содан кейін біздің мамандар өз беттерімен жұмыс істей алатын болады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах