Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкентте мүгедекті бопсалаған басшы қамауға алынды

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
1505
Шымкентте мүгедекті бопсалаған басшы қамауға алынды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның 2 орынбасары бөлім басшыларымен бірігіп парақорлық әрекетке барды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің дерегіне сай, олар емдеу мекемелері қызметкерлерінен ақша алып отырған. Қазір басқарма басшысы уақытша қамау абақтысына жабылды. Өзгелері «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» босатылған. Шенеуніктің кінәсі дәлінденсе, 15 жылға сотталуы мүмкін.

Рауан Рамазанов, СЖҚІҚ  ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

Бір алғанда, бір тұлғадан 300 доллар алады, бір тұлғадан 500 доллар, тағы бір тұлғадан 10 мың доллар алады. Одан да басқа деректер шығарылады. Сондықтан әлі де тергеп, тексерулер жүргізіледі.

Ал Шымкентте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің басшысы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті өкілінің дерегінше, шенеунік аудандық бөлім басшыларымен алдын ала сөз байласып еңбекке жарамсыз азаматтардан мүгедектік топтың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде ақша алып отырған. 

Бақыт Құрбанбайұлы, СЖҚІҚ  ұлттық бюросы ОҚО бойынша департаментінің штаб басшысы:

Өмір бойы мүгедектік туралы қорытынды беру үшін жеке тұлғадан 100 мың теңге пара алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ұсталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрігізілуде 


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ