Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары кәріз суына батып отыр. Үш жыл бұрын ғана қолданысқа берілген жаңа баспанада, лас қалдық суларын соратын қоңдырғы істен шыққан. Есесіне жер төле кәрізге толған. Құрылғы екі ай бұрын жанып кеткен. Бір қызығы коммуналдық қызмет көмек көрсете алмайды. Өйткені бұл тұрғын үй арнайы қызметтердің ешқайсысының балансында жоқ. Әріптесім Бақыт Рахметова қолқа қабатын иістен тұншығуға болады деп отыр. Тілшіміз тарқатады.
Жанат Қалиева мемлекеттік қызметкер. Үш жыл бұрын жаңа пәтерді 20 жылға несие рәсімдеп, көшіп келген. Қуанышы ұзаққа созылмады. Қазір дәл осы бұл үйден пәтер алғанына өкінеді. Алпыс отбасына пана болған ғимараттың аз уақытта осындай күйге түскеніне тұрғындар аң-таң. Жертөле кәріз суға толған. Одан шыққан жағымсыз иіс бесінші қабатқа дейін жетеді. Дегенмен баспанадағы мәселе мұнымен бітпейді.
Раушан АЛДИЯРОВА, ТҰРҒЫН:
Қазір бүкіл подъезде иіс бар. Бесінші төртінші қабатқа су көтерілмейді. Отопление дұрыс жасамайды. Жап- жаңа үй. Үй құлайды ғой. Бұлай тұра бермейді ғой ұзақ. Трещина болса кейін осадок береді.
Тұрғындар жертөледегі насос істен шыққанын анықтапты. Қазір кәріз суы жертөлені толтырған. Одан асқаны далаға шығып жатыр. Бірақ мұндағы олқылықтарды кім ретке келтіретіні белгісіз. Себебі бұл нысан қызмет көрсетуші мекеменің балансында жоқ.
Мұхит БАЛЖІТІГІТОВ, ТҰРҒЫН:
Міне бұл жерде ЖКХ кінәлі. Застройщиктер үйді тапсырған ЖКХ-ға құжаттарын Ал онымен ЖКХ Ақбұлаққа тапсырмаған. Ақбұлақ договорға отырмаған сол үшін ЖКХ кінәлі.
Раушан АЛДИЯРОВА, ТҰРҒЫН:
Бірінші мәселе бізде насос канализ жанып кетті. Оны шешу үшін Ақбұлаққа барсақ сіздер баланста жоқсыңдар деп айтты. Баланста жоқ болған соң Жкх бардық ЖКХ біздің документтерді балансқа бермеген. Енді шеті жоқ.
Ал шенділер тұрғындардың уәжімен келіспейді. Десе де тұрғын үйдегі лас суды тазалауды жергілікті әкімдік өкілдері енді ғана қолға алған. Ал, насостың істен шыққанына екі айға жуық уақыт өтіпті.
Болат СЕРІКОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі уақытта біздің мекеменің машиналарымен осы кәріз суларын шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол жерде қазіргі уақытта кәріз насостарын жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жетінің соңы немесе алдағы аптада осы жұмыстар аяқталады.
Тұрғын үй коммуналды шаруашылық мамандары кезінде бұл баспана тұрған жердің құжаттары жоғалып кетіп, қызмет көрсетуші мекеменің балансына енбей қалғанын айтты. Қазіргі кезде үйдің құжаттары қайта дайындалып, тұрғын үй толықтай сенімгерлік басқаруға берілуді жоспарлап отыр.
Б. Рахметова