Кез-келген жас «Jastar-Otanga» бағдарламасына өз ұсынысын енгізе алады. Ол үшін идеясын Jas Otan-ның әлеуметтік желілерінде қалдырса жеткілікті. Бұл туралы бүгін бағдарламаны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының алғашқы отырысында айтылды. Онда негізгі 4 пункт қамтылған: «білім», «еңбек және кәсіптілік», «бақытты отбасы», «патриотизм және бос уақыт». Еске сала кетсек, тамыз айында Елбасы "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында 2025 жылға дейін жастарды қолдаудың жаңа бағдарламасын жасауды тапсырған болатын.
Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бізге 2020 жылы осы құжаттарды қабылдау қажет деп тапсырма берілген болса, біз бүгіннен бастап жатырмыз. Сонымен қатар біздің «Jas Otan» жастар қанатының 17 аймақтағы филиалдары да әрбір жұмысшы жастармен, өндіріс орнындағы студент, одан бөлек базарлардағы өзіміздің жастарымызды тарту үшін әртүрлі форматта кездесулер өткізіліп, ұсыныстар жинақталатын болады.
Ә. Өмірзақ