Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерінің жалған қызметтік куәлігімен жүрген 32 жастағы күдікті құрықталды

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерінің жалған қызметтік куәлігімен жүрген 32 жастағы күдікті құрықталды

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы азамат ұсталды. Одан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкер деген жалған қызметтік куәлік тәркіленді.   

Ол Алматы облысының тумасы. Әбіш Бахтияр есімді офицердің атын жамылып, жалған қызметтік куәлік жасаған деген күдікке ілікті. Қазір ұсталған күдіктінің ісі Алматы облыстық Полиция Департаментіне жіберіліп, алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.  

Сымбат ИСРАПҰЛОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерінің жалған қызметтік куәлігінің қолданылуы туралы ақпаратты тексеру барысында Алматы қаласының Төле би көшесіндегі үй мекен-жайы бойынша 1987 жылы туған Алматы облысының тұрғыны Бақыт Құтеловты ұстады. Аталған азаматтан Әбіш Бахтиярдың атына жалған мәліметтер мен оның фотосы бар аса маңызды істері жөнінде офицердің жалған құжаты алынды.

А. Лесбек