Нұр-Сұлтанда алғаш рет студенттер арасында спартакиада өтті. 1000-ға жуық елордалық ізденуші жастың басын қосқан спорттық дода "Nur Otan" партиясының бастамасымен іске асқан. Жарыста бас қаладағы 9 іргелі ЖОО мен 21 колледждің студенттері өзара мықтыны анықтады. Олар спорттың мини футбол, волейбол,амрестлинг, үстел теннисі, гир көтеру, шахмат және асық ату түрлері бойынша сайысқа түскен. Жастар жылында қолға алынған шара енді жыл сайын ұйымдастырылмақ. Бұл арқылы республикалық, қалалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін құрамаға талантты жастар іріктеп алынады. Бұл бастаманы студенттер де қолдап отыр.
Жорабек ДАНИЯРҰЛЫ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Спартикада тек таланттарды шығаруға, мықты және де өздерінің бір потенциалы бар ойыншыларды шығаруға арналған. Сондықтан қолдаймын. Спортпен жастар міндетті түрде айналысу керек. Себебі, спортсыз өмір жоқ. Спорт деген біздің өмірді сақтайтын, оған бір қолдау беретін өмірдің бір маңыздылығы. Сондықтан қатысу керек деп ойлаймын.
А. Мүтәлі