Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда 400-дей жанұя «Бақытты отбасымен» пәтер ала алмай отыр

AstanaTV
19.11.2019ж. 20:00
2136
Қарағандыда 400-дей жанұя «Бақытты отбасымен» пәтер ала алмай отыр

Қарағандыда "4 жүздей көп балалы жанұя « Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер ала алмай жүр. Олар тіпті әкімдіктен бастапқы жарна ретінде бөлінген 1 млн теңгенің сертификатын да пайдалана алмаған. Себебі, шарт бойынша жаңа үйлерден бағасы 10 млн теңгеден аспайтын баспана алуы тиіс. Ал бұл сомаға 1 бөлмелі пәтер ғана тиеді екен. «Бақытты отбасы» неліктен көп балалы аналарға бақыт сыйламады? Айжан Қуаш анықтады.  

Толқын Есмағамбетова бір апта бұрын ғана алтыншы сәбиін дүниеге әкелді. Үлкені 12 де. Бүкіл бір отбасы осы аядай ғана ескі пәтерді 45 мың теңгеге жалдап тұрады. 2006 жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Толқын биыл жағдайсыздарға 2 пайызбен ипотека беріледі дегенде төбесі көкке жеткендей қуаныпты. Бірақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаға бөлінген 1 млн теңге сертификаттың оған түк пайдасы жоқ болып шыққан көрінеді. Ол сомма шарт бойынша жаңа үйден 10 млн теңгеден аспайтын аядай пәтер алса ғана беріледі.  

Толқын ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА: 

Қарағанды бойынша сондай ғана ақша беріліп тұр. Ал оны біз қайда жеткіземіз? 10 млн- ға қазір салынып жатқан жаңа үйлерден бір- ақ бөлмелі үй келеді. Вторичный үйлерден екі бөлмелі үй алуға болады, бірақ оның первоначальныйын өз қалтамыздан төлеуіміз керек. Ескі үйлерге де сондай сертификат берілсе екен деймін. Үйлер қымбат. Соның бағасына сай беру керек еді.

Осылайша Қарағанды қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасынан бақытқа бөленген отбасы шамалы. Биыл 4 жүздей отбасына баспананың бастапқы жарнасы ретінде бөлінген 1 млн теңгенің сертификатын небәрі тоғыз- ақ адам пайдаланған.  

Берекет ЖАЙНАЗАРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Бүгінгі күнге 398 млн теңге ақша бөлінді. Дегенмен дәл осы күнге қарайтын болсақ, бізден 9 отбасы млн теңгелік сертификат алып, 2 проценттік кредит рәсімдеді. Бұның шарттың бір несі жаңа үйлер ғана беріледі. Сондықтан да біз күтудеміз. Қолданысқа жаңа үйлер тапсырады деп отыр.

Көп балалы аналар бір бөлмелі пәтер үшін 20 жыл несие төлегісі жоқ. Әрі олардың ай сайынғы табысы 42 500-ден аспайды. Онсыз да тапқан- таянғандары бала- шағадан аспайтын бұл отбасылар екі- үш бөлмелі пәтер үшін ипотека төлесек, - көңілге медеу болар еді дейді. Олар тым болмаса 15 миллионның үйін алуға рұқсат берілсе деп отыр.  

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: йжан ҚУАШ, ТІЛШІ:  

Жергілікті әкімдік «Бақытты отбасының» ескерілмей қалған кемшіліктерін қарап жатқандарын мәлімдеді. Алайда оған нақты қандай өзгерістер енгізілетіні әзір белгісіз.

А. Қуаш