$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда бүгін 20-дан астам үй жарықсыз, жылусыз, сусыз қалды

AstanaTV
21.11.2019ж. 20:00
2250
Павлодарда бүгін 20-дан астам үй жарықсыз, жылусыз, сусыз қалды

Павлодарда бүгін 20-дан астам үй жарықсыз, жылусыз қалды. Оған коммуналдық желідегі апат себеп болған. Қаладағы шағын аудандардың бірінде трансформатор өртеніп, 4 бірдей көшенің тұрғындары электр қуатынан ажыратылды. Тұрғындар аязды күнде жылусыз отыр. Мәселенің мәнісін Өзгеріс Қуанар тарқатады.  

Электр тарату желісіндегі өрт таңғы бес жарымда болған. Тілсіз жау ауыздықтағанымен, трансформатор толығымен жанып кетті. Оқиға орнында әлі мамандар жұмыс істеп жатыр.   

Любовь БУРЯН, ТҰРҒЫН: 

Өрт сөндірушілер таңғы 6-05-те келді. Бірақ, бір ғана бағанадағы өртті өшірді. Екіншісін сөндіру мүмкін болмады. Өйткені, трансформатордың жанына жақындау үлкен қауіп туғызды. Жарылып кетуі де мүмкін еді. Өрттің жалыны қатты болды.

Қызыл жарынның салдарынан шағын аудандағы 4 бірдей көшенің 25 үйі жарықсыз қалды. Тұрғындар таңнан бері жылудан да қағылған. Өйткені, басым көпшілігі электр көзіне қосылған пешті пайдаланады.  

Валентина ИЛОНОВА, ТҰРҒЫН: 

Үйіміз суық. Адамдар не істерлерін білмей абдырап қалды. Тұрғындардың көбінде электр пеш. Сондықтан, оған от жағып жылыту мүмкін емес. Барлығы тоқпен істейді. Барлығымыз үйлерімізде тоңып отырмыз. Жарықтың жоқтығынан тамақта пісіре алмаймыз. Бәрінен де балаларға қиын болды. Далада күн аяз.

Мамандар апаттың салдарына жоюға кіріскен. Олар өрттің шығуына тоқ көзін таратын қосалқы станциядағы ақау себеп болған деп отыр.  

Екатерина БАЙЖҰМАНОВА, ЭНЕРГИЯ ТАРАТУШЫ ҰЙЫМ ӨКІЛІ: 

Жарықтың ажыратылуына 531 нөмірлі трансформаторда болған өрт себеп болған. Тоқ қалқанында сымдардың ішкі тұйықталуынан қызыл жалын тұтанған. Қазіргі таңда 112 тұтынушы жарықсыз отыр. Көпшілігі жеке тұрғын үйлер. Жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 

Керекуде де соңғы бірнеше күнде қыс қаһары сезіледі. Ауа температурасы түнде минус 30 градустан түспейді. Сондықтан, тұрғындар апат қалпына келмесе, жағдай қиынға соғатынына алаңдаулы.

Ө. Қуанар