$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Egemen Qazaqstan» республикалық газетіне - 100 жыл!

AstanaTV
21.11.2019ж. 20:00
2943
«Egemen Qazaqstan» республикалық газетіне - 100 жыл!

«Egemen Qazaqstan» республикалық газетіне - 100 жыл. Шежірелі басылым ең алғаш «Ұшқын» атауымен жарыққа шыққан. Жүз жылдық жылнамада елдегі саяси жағдайға байланысты атауы өзгеріп отырған. Тәуелсіздік алғалы «Egemen Qazaqstan» аталып келеді. Қазір күнделікті таралымы 200 мыңнан асады. Газет қай дәуірде қызмет етсе де ұлт мүддесінің жоқтаушысы болып келеді. Салтанатты жиында осылай деген Қырымбек Көшербаев Елбасының ыстық лебізін жеткізді. 

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:  

Тәуелсіз Қазақстанның аға газеті өз парақтарында тарих тағылымын, уақыт үнімен бейнелеп кеше мен бүгіннің арасын жалғап келеді. Жаңалықты жұртшылыққа жылдам әрі шынай түрде жеткізіп, егемен еліміздің саясатын халыққа байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға қаттаған байырғы басылымның беделі әрқашан биік.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, алғыс хатын табыстады.  

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:  

Құрметті, Егемен Қазақстан газетінің ұжымы. Баршаңызды мерейтоймен құттықтаймын! Бұл бір ұжымға ғана емес, бүкіл елге ортақ қуаныш. Газет ұлттық мүддені, елдің мұратын және рухани құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды.

Салтанатты шара барысында «Үміт» жас журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин және Премьер-министр Асқар Маминнің ресми өкілдері құттықтауларын жолдады. Хатта еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктерін жұртшылыққа жеткізудегі еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз,-делінген.   

Ғ. Өтемісов