Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазалы ауданының дәрігерлері жарты жылдан бері жалақыларын толық ала-алмай келеді

AstanaTV
26.11.2019ж. 20:00
2758
Қазалы ауданының дәрігерлері жарты жылдан бері жалақыларын толық ала-алмай келеді

Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауруханасының 250-ге жуық қызметкері 3 айдан бері жалақысыз отыр. Ал бұған дейін айлық толық берілмей келген. Жарты жыл бойы еңбекақының 20-30 пайызы ғана төленген. Телеарнамызға хабарласқан медицина қызметкерлері осылай деп шағымданды. Айлығы шайлығына жетпей жүрген жұмысшылар жергілікті әкімдікке де арызданған. Бірақ, түйіткілдің түйіні әлі тарқамай отыр,-дейді. Олар қысым көріп, нәпақаларынан айырылып қалудан қорқып, есімдерін айтудан бас тартты.

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Маусым айынан бастап бізге айлық жоқ әлі. 20-30 пайыз ғана беріп жүр. Мынау сентябрьден бастап мүлде алмай жатырмыз. Соны шешіп берсеңіздер! Дәрігерлердің жалақысына 20 пайыз қосылады деп еді, ол да қосылмаған. Пенсионный деген вообще жоқ. Былтыр да сентябрьден декабрьге дейін алмап едік, екі айлықты беріп құтылды. Екі-үш жыл болды қайталанып жатқанына. Анау жылдары шамалы-шамалы беріп еді. Биыл вообщем жоқ қылды.


Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір  Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары байланыста. Бақыт Кеншінбаева дәрігерлер жалақысының кешіктірілуіне не себеп? Айлық қашан төленеді?

Бақыт КЕНШІНБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазалы ауданындағы денсаулық сақтау саласында қаржылық қиыншылықтар бары рас. Маусым айынан бастап айлық көбейтілген болатын. Айлықтарын ай сайын беріп жатырмыз. Кешіктірілгені рас, бірақ қазір қыркүйек айының жалақысы толық берілді. Қазан айының айлығы аванс ретінде берілген. Декабрьде қалған ақшаларын төлейді.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Ақ халаттылар мұндай жағдай жылда дәл осы уақытта қайталанады деп отыр. Бұған не себеп? 250 жұмысшы деген аз адам емес қой? Әрқайсысының отбасы, жоспары бар дегендей.

Бақыт КЕНШІНБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылда қайталанады деген өтірік. Былтырғы айлық толық өтелген. Тек, осы ноябрь мен декабрь айында сәл кешіктіріліп берілгені рас. Ол кісі соны айтып отқан болар. Жыл соңында тариф өзгереді, қосымша ақша беріліп жатады. Сондықтан біраз кешіктіріп береміз.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рахмет, бізбен тікелей эфирге байланысқа шыққан Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Кеншінбаева. Біз бұл мәселенің шешімін өз бақылауымызға аламыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, материал жолдаңыз. Біз оны эфирден көрсетеміз.

Ғ. Өтемісов