Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 14 қазақстандық бала Ирактан елге қайтарылды

14 қазақстандық бала Ирактан елге қайтарылды

14 қазақстандық бала Ирактан елге қайтарылды.  Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевпен өткен баспасөз маслихатында белгілі болды. Қазақстанға жеткізілген бұл балалардың аналары террористік әрекеті үшін Иракта түрмеде отыр. Ал психологиялық көмекке мұқтаж балалар қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығында. Құжаттары әзірленіп, қажетті ем-домын қабылдаған соң, туыстарына табысталмақ.

Ержан АШЫҚБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда біздің ресми деректерімізге сәйкес, Иракта қазақстандық балалар жоқ. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасуда. Егер дәйектелген, қазақстандық балалар болса, олардың елге қайтуы бойынша жұмыстар жасалатын болады.

Елге қайтарылған 14 баланың ең үлкені 13-жаста, кішісі 2-де. Оның 2-уі Қазақстанда, қалғаны Ирак жерінде туылған. Эвакуация нәтижесінде бүгін алматылық тұрғын 4 жастағы немересімен қауышты. Түрін көрсетпеуді өтінген ол немересін елге қайтаруға атсалысқандарға алғысын білдірді.

ҚЫЗ:

Менің қызым 2014 жылы Түркия елінде жұмысқа кеткен. Ол жоғарғы оқу орнын шет тілі мамандығы бойынша аяқтаған. Арабшасы жақсы еді. Егер, ол осындай жағдайға тап болатынын білгенде, оны жібермеуші едім. Кеше, немеремді көріп, қуанышым қойныма сыймай отыр. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай қуаныш сыйлағаны үшін бар ұжымға алғыс айтамын!! Әр адам қателеседі.

Ә. Мүтәлі