$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысында болашағы жоқ елді-мекендер тірек ауылдарға қосылады

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
3730
Павлодар облысында болашағы жоқ елді-мекендер тірек ауылдарға қосылады

Павлодар облысында болашағы жоқ 17 елді-мекен бар. Олар енді тірек ауылдарға қосалытын болды. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдаған. Әріптесім Өзгеріс Қуанар өңірдегі халқы ең аз ауылға барып бүгінгі тіршілігімен танысып қайтты.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бұл облыс орталығынан 80 шақырым жерде орналасқан Көктерек ауылы. Елді-мекенде қазір 9 ғана үй қалған. Бар жоғы 28 адам тұрады. Көпшілігі ауылдың болашағы болмағандықтан, қалаға қоныс аударған.


Руслан Құрманғазин - Көктеректе тұрып жатқанына 37 жыл болған. Жастық шағы осы ауылда өткен ол туған жерін қимайтынын айтады.

Руслан ҚҰРМАНҒАЗИН, КӨКТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ақырын малымызды бағып, сол жүріп жатырмыз енді ауылда. Жаман емес, тіршілік жақсы. Жаман деуге болмайды қазіргі заманда. Бәрі нормальный. Үлкен ауыл деп қосқаны енді дұрыс шығар. Дұрыс деп олаймын енді. 

Ауылда саусақпен санарлық адам қалғандықтан мектеп, балабақша, медпункт сынды әлеуметтік нысандар жоқ. Балалар көрші жатқан Мәмәйіт ауылындағы мектепке қатынап оқиды. Енді көктеректіктер осы ауылдың тұрғыны атанбақ. Яғни, көрші Мәмәйіт ауылына қосылады.

Сағат ҚАЙРАТҰЛЫ, МӘМӘЙІТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Көктерек ауылын біріктіру барысында экономикалық дамуын көтеруге байланысты қажетті шаралар жасалады деп ойламыз. Болашақта осы арнайы шаруа қожалықтарын, инвесторларды тартып, осы аймақтарға жұмыс күшін жұмылдарып деген секілді әртүрлі бағдарламалармен осы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға үлес қосылады келешекте.


Павлодар облысында барлығы 355 елді-мекен бар. Оның 17-сінің халқы 50 адамнан кем. Сондықтан жергілікті әкімдіктер тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауылдардың әкімшілік-аумақтық құрылымын қайта қараған.

Дәурен ТҰРҒҰЛДИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ауылдық елді-мекендерде тұрғындары саны 50 адамнан кем болмауы керек. Аталған ауылдарда халық саны тым аз.  Сол себептен елді-мекендерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және қосымша қаражат бөлу үшін жасалмаған.


Биыл Павлодар облысында жыл басынан бері 3 елді-мекен жақын ауылдарға қосылған. Енді өңірде болашағы жоқ деп саналған 7 елді-мекен қалды. Олардың да келешегі алдағы уақытта өз шешімін таппақ.

Ө. Қуанар