Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қант диабетіне шалдыққандар жаңа инсулинге түбейгейлі қарсылық танытып отыр

AstanaTV
12.12.2019ж. 20:00
3357
Қант диабетіне шалдыққандар жаңа инсулинге түбейгейлі қарсылық танытып отыр

Инсулин дауы! Елдегі қант диабетімен ауыратын жеткіншектердің ата-аналары балаларына, инсулинді алмастыратын жаңа препаратты беруге қарсы. Олардың айтуынша жаңа дәріге қатысты клиникалық тәжірибе жоқ. Диабетиктер қауымдастығы да олардың пайымын құптайды. Бұл - шенділердің жауапсыздығынан дейді. Әсем Лесбек тақырыпты жалғастырады.

Меруерт Жабаеваның 13 жастағы ұлы екі жылдан бері қант диабетімен ауырады. Анасы науқастың күтімі үшін жұмысын да тастаған. Ол енді баласына жаңа инсулинді беруге қорқады.

Меруерт ЖАБАЕВА, НАУҚАС БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
 
Осы қант диабетінің бірінші типімен ауырғанымызға бір жарым жылдай болды. Менің қорқынышым ана ретінде бұл инсулин Қазақстанда ешқандай тәжірибе өткізілмеген. Ешқандай ауруларға былай қолданылмаған. Ол біздің баламызға мүмкін жақсы немесе теріс нәтижие беруі мүмкін. Бірақ бұл инсулинді бірден өткізуге болмайды.


Баласы үшін күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылған жалғыз Меруерт емес. Елде қант диабетімен ауыратын 400 мыңға жуық науқас тіркелген. Диабет қауымдастығы өкілдері «Басалог» деп аталатын жаңа өнім, қазіргі «Лантустан» 30 пайызға арзан дейді. Өткен айда «СҚ-Фармация» компаниясы осы өнімді сатып алу бойынша тендерде жеңіске жеткен еді. Дегенмен жаңа препараттың бірде - бір дәрігерлік бақылаудан өтпегеніне алаңдаулы.

Ләйла ЖҰБАНДЫҚОВА, ҚР ДИАБЕТИКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз «Лантус» инсулинін қабылдап жүрген 28 мың науқасқа клиникалық тәжірибесі жоқ «Басолог гларгині» деп аталатын жаңа өнімнің берілуіне түбегейлі қарсымыз. Дегенмен жаңа препарат ресми түрде елімізге тіркеліп қойды.  Келесі жылдан бастап науқастарымыз оны тұтынбақ. Жалпы шенеуніктер инсулинді өзгерту туралы шешімді тағы бір сараптап қараса дейміз.


Бұл мәселеге қатысты жергілікті денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік. Бірақ аталған мекемеде жауап беруге құлықта жан табылмады. Дегенмен әлемде медициналық көрсеткіш бойынша қант диабеті ауруы жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Мамандар бұл дертпен ауыратындар қатары жыл санап көбеймесе, азаймай тұрғанын айтты. Сондықтан жаңа инсулиннің ағзаға да қалтаға да неғұрлым пайдалы болғаны дұрыс деп топшылайды.

 Ә. Лесбек