Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ЭКСПО көрмесінің қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» 22 инвестициялық келісімшартқа қол қойды

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
2147
ЭКСПО көрмесінің қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» 22 инвестициялық келісімшартқа қол қойды

ЭКСПО халықаралық көрмесінің қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы 22 инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев Үкімет қабырғасында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Шетелдік инвесторлар мұнай-химия, фармация, IT технологиялар мен машина жасау салаларына көбірек басымдық берген. Келісімшарттар ішінде құны 150 млн доллар болатын Теміртау сутегі зауыты мен құны 100 млн долларға есептелген тұрмыстық қалдықтар зауыты жобалары бар.

Біржан Канешев, «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Төрт жобаны айтып кеттім. Сол жобалар ішінде линдагрупп, польфарма, бионет компаниясы Италиядан, солардың бәрі өздерінің келісімшарттарына қол қойып кетті. Ең басты елдер - АҚШ, Түрік елі, Монако, Швейцария - бұрыннан да бізге көп инвестиция кіргізіп жатқан елдердің бірі.