Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада 20 үлескер үйлеріне кіре алмай жүр

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
3595
Астанада 20 үлескер үйлеріне кіре алмай жүр

Астанада үлескерлер дауы. Бұл жолы "АК АБ" құрылыс компаниясының үлескерлері шу шығарды. Олар 10 жыл бұрын ақша құйған үйге кіре алмай отырғандарын айтады. Баспана дайын, қолдарында компаниямен келісімшарттары да бар. Бірақ жер иесі құрылыс компаниясына емес, өзге адамға тиесілі болып шықты. Енді тұрғындар пәтерсіз, ақшасыз қалдық деп қайғырып отыр.  Диана Сапарқызы тараптарды тыңдап келді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Мына 5 қабатты тұрғын үй 2008 жылы тапсырылуы керек болатын. Алайда аяқ астынан бұл үйдің салушысы темір тордың ар жағына жабылады. Сегіз жылдан кейін бостандыққа шыққан салушы өз үлескерлеріне пәтер кілтін табыстаймын дегенде, бұл үйге өзге тұрғындардың қоныстанғаны белгілі болады.

Беренкүл Баймұханова - "АК АБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басшысы. Ол 2008 жылы мына үйді тұрғызып, пайдалануға берейін деп тұрғанда заңсыз қызмет етті деген баппен сотталып кетеді. Оның айтуынша, түрмеде болған кезде қоластындағы құрылысқа жауапты маман жерді өзіне аударып алған.

Беренкүл Баймұханова, құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы:

Мен шығардан алты ай бұрын ғана дарственно жерді өзіне аударып алған. Бірақ гражданский сот арқылы қазір аннулированиеге беріп жатырмыз. ТОО-ның застройкасы екені, дольщиктердің ақшасы құйылғаны екенін, сот жүзінде оның бәрі дәлелденді. Енді тек қана последний моменті қалғанда, біз дольщиктермен келіп, қолдарындағы договормен үйге кіргізейін деп келгенде таяттармайды. Дольщиктар қазір менің соңымнан қалмай отыр.

20 үлескер бұл бес қабатты үйге 113 миллион теңге салған. Олар 10 жыл бойы мына үйдің табалдырығын күзетіп жүр. Ең құрығанда, салған ақшаларын қайтарып алғылары келеді.

Жібек Ахунова, үлескер:

Өз үйімізге өзіміз кіре алмай отырмыз. Бізде әділдік бар ма?! 10 жыл болды күресіп жүргенімізге. Барлық құжаттарымыз түзу. Міне, келісімшарт. Біз сотқа бардық, бірақ сот шешімі бізді қанғаттандырмады. Енді барлық үлескерлер жиналып, тағы да сотқа жүгінеміз.

Жанар Есергеп, үлескер:

Бәріміз далада жүрміз. Басқа жерде снимать етеміз. Өзіміздің үйімізге кіре алмай жүрміз.

Ал үйдің қазіргі заңды тұлғасы өз әрекетін заңды деп отыр.

Қабыкен Жақанов, жер иесі:

Түрмеден шыққанннан кейін бұл кісі сотқа берді. Алайда ұтылып қалды. Соттың шешімі бойынша бұл кісі бұл жерге ешқандай қатысы жоқ екені айтылды. Сосын тағы да бір адам мені сотқа берді. Сот оның арызын қанағаттандырмады. Мен заңды тұрғыда бәрін істедім. Соттың шешімі бар. Болды.

Бұлар далада қалған алғашқы үлескерлер емес. Астанада құрылысы бітпеген 52 даулы үйдің 13 мың инвесторы баспанаға қолдары жетпей, қаңғып жүр.