Нұр-Сұлтанда адам пышақтаған күдікті, көшедегі бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. Мына кадрларда үш ер азаматтың бірі- қолындағы суық қаруды қарсы тұрған азаматқа бірнеше рет сұққаны анық көрінеді. Мұны мониторынан полиция департаменті Жедел басқару орталығының инспекторы байқаған. Бірден оқиға орнына полиция жасағы жіберіліп, күдікті ұсталды. Бұзақының пышақты лақтырып жебергені де бейнебақылау камерасына анық жазылып қалған. Ұсталған азамат- бұған дейін де сотталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Ал зардап шеккен адам- ауруханада жатыр.