$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда сыңарсыз қалған аққу Ертіс өзенінде қыстауы мүмкін

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
3145
Павлодарда сыңарсыз қалған аққу Ертіс өзенінде қыстауы мүмкін

Павлодарда адасып қалған жалғыз аққу Ертіс өзенінде қыстауы мүмкін.  Сыңарсыз жүрген құсты  тұрғындар байқап, бейнежазбаға түсіріп алған.
Киелі құс  Павлодардың орталық жағалау маңындағы өзеннің жылым жүрген тұсын мекен еткен. Қала тұрғындары  құстың қанаты сынып, содан жылы жаққа ұша алмай қалған болуы мүмкін деп болжады. Сол себепті жұртшылық сыңарсыз аққуға алаңдаушылық  білдіріп, құсты құтқару керектігі жайлы дабыл қаққан.  Іске араласқан Павлодар облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары   құсты құтқарудың қажеті жоқ деп отыр. Өйткені, киелі құс қонған өзеннің бір бөлігі қыс бойы қатпайтын көрінеді. Сондықтан да, оған қыстап шығуға жайлы орын екенін айтты. Ал аққудың не себепті жылы жаққа ұшып кетпей, қалып қойғаны белгісіз. Айта кетерлігі, махаббаттың символы саналатын бұл құс тек жұбымен ғана тіршілік етеді.

Талант ШӘКІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ МАМАНЫ:

Қазір бұл құс Ертіс өзенінің жылы ағысында жүзіп жүр. Денсаулығында ешқандай жарақат жоқ. Енді келесі көктемге дейін сонда өмір сүріп, сыңарын табады деп үміттенеміз.


Ө. Қуанар